05 маусым 2014 16:38

"ДОМОВОЙ"

ПОДЕЛИТЬСЯ

zagadochniy.ru zagadochniy.ru

 Көзбен көріп, құлақпен естімегенге сене бермейтін пенделерміз. Бірақ руханият атаулының бәрі мораль тұрғысынан санамызда дөңбекшіп жатқан соң, амалсыз бас иеміз. Әйтпесе, адамды маймылдан жаратып, Дарвин көкемнің даңғазасын жаттап өскен біз емес пе едік? «Ақиқаттың шымылдығын шындық келіп жұлып алғанда, шыбын жаны жерге кірген» ілімнің тілі күрмелді. Сан мыңдаған санада сайтанның сапалағын ойнатқан маймыл ұғым Хақ Тағаланың ілімінің алдында мәймөңкелеп қалды. Содан бері де неше жыл өтті. Біраз рухани сұрақтардың қанағаттандырарлық жауаптарына қанықтық. Біразы шідерін шеше алмай жатыр. Сондай бір сұрақ менің де ойымда жиі жүреді. Ол — осы мақалаға арқау болып отырған «домовой» деген ұғым. Ұғым болған жерде сауал бой көтереді. «Домовой» деген шындығында бар ма, жоқ па? Сауалға тиісті жауабы да бар. «Ол лас жерлерде, орыстардың үйінде болады». Неліктен? Не себепті? Оның жауабын беру қиындау. Сол себепті өз білетіндерімді «Алаш айнасы» басылымы арқылы ортаға салайын. Бәлкім, түрлі ойларға түрткі бола жатар…

ТАНЫСУ

Ол кезде сегізінші сыныпта оқимын. Интернатта бес күн болып, екі күн ағаларым жалдап тұратын пәтердің қонағы болушы едім. Интернаттың қорқынышты һәм қызғылықты бес күнінде неше түрлі алып-қашпа әңгімелер еститінбіз. Оның бел ортасында «домовой» ұғымы жүретін. Бала болған соң, сескенесің. Бірақ қызығушылық мұндай хикаяларды тыңдатпай қоймайды. Бізбен бірге Нұржан деген Семейдің жігіті оқыды. Алматыда туыстары жоқ болатын. Сенбі, жексенбіде жатақхананың «домовойы» болып сол қалатын. Түнде даңғарадай үш қабатты жатақханада жалғыз қалуға (күзетші, тәрбиешілердің бөлмелері астыңғы қабатта) бала тұрмақ, ересектердің өзі жүрексінер еді. Бір сенбіде ұзынағаштық Мәулен деген жігіт ауылына қайта алмай қалыпты. Содан қорқытпақшы болып, көрпе-жастығын Нұржанның төсегінің астына салып жатса керек. Түнгі ондар шамасына дейін шыдаған Мәулен ақырын Нұржанның төсегінің астын тақылдатады. Біреу есік қағып тұр екен деп: «бұл кім?» дейді. Үндемеген соң, есікті өзі барып ашады. Ешкім жоқ. Онан кейін және тақылдайды. Нұржан «біссімілләсін» мың қайтара айтып, Аллаға жалбарынады. Бірақ төсек астындағы тақыл ұйықтатсын ба? Рас, ойыннан өрт шығып, Мәуленнің басына біраз проблема болған. Әлі күнге жыр қылып айтамыз. Осыдан кейін мұндай әңгімелерді «пенделерді қорқыту үшін шығады екен» деп ойлай бастадым. Ол ой да алысқа бармады.

Бір сенбіде ағам жалдап тұратын пәтерде ұйқылы-ояу жатқанмын. Пәтер Рысқұлов даңғылы мен Шемякин көшелерінің қиылысатын тұсындағы «Қарақалпақ» көшесінде еді. Ылғалданып, иістеніп тұратын ұйғыр шалдың жаман құжырасы. Қай жылы салынғаны бір Аллаға аян. Ауылдан келген біз секілді әр қазақ баласы осындай бір әлдекімнің ат қорасында тұрып, үлкен-үлкен мемлекеттік университеттерде оқитыны бар ғой. Жатаққа қол жетпеген соң, қайтеді енді. Сізге өтірік, маған шын. Өз көзіме өзім сенбеймін. Бойы бір қарыс әйел жүгіріп жүр. Жүрісі анық байқалады. Қорыққанымнан көрпемді қымтай беріп едім, мойныма жармасты. Көзімнің алды қарауытып, булықтым да қалдым.

Тамақ әзірлеп жүрген әпкелерімнің даусын еміс-еміс естимін. Алқымдағы жабысқақ пәлені итеріп жібергім келеді. Тілім күрмеліп, «біссімілләға» да жетер емес. Бір кез булықтырған қол мойнымды азат етті. «Орамал берші» деп айғайлап жібердім. Суық қара терге малмандай болыппын.

Әпкелерім жұбатып жатыр. «Ештеңе етпейді, қара басқан ғой». Біз «домовоймен» осылай таныстық. Әсілінде, құлағыңыз түрік жүрсе, талай әңгімелердің астында қаласыз. Оның бір ауығы осы қара басуға да арналып қалады. Өмірде қара баспаған жандар некен-саяқ. Яғни бұл – қазақтың ұлттық ұғымында бар дүние. Бәлкім, орыстардың «домовой» деп айдарлаған пәтшағары осы шығар. Әрине, кесіп айтуға болмайды.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети