21 мамыр 2014 17:58

Еркекті құртқан "ал, давай"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Бүгінгінің басты ұраны – ана мен баланың бар жағдайын жасау. Дұрыс-ақ. Келешекте ана өлімін азайтып, бала санын арттыру мақсаты тұр. Өкінішке орай, бала санын арттыруда таразының тасын басымырақ басатын еркектердің жәйін мүлдем естен шығарғандаймыз. Сол себептен де, бүгінде еркектердің хәлі адам аярлықтай. «Шағын мемлекеттің» негізгі тірегі – еркектердің ертеңін бүгіннен ойламасақ, ештен кештің кебін киіп, сан соғып қалуымыз ғажап емес. Олай деуге негіз де жоқ емес. Себеп... Осы жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.


 Бүгінгінің басты ұраны – ана мен баланың бар жағдайын жасау. Дұрыс-ақ. Келешекте ана өлімін азайтып, бала санын арттыру мақсаты тұр. Өкінішке орай, бала санын арттыруда таразының тасын басымырақ басатын еркектердің жәйін мүлдем естен шығарғандаймыз. Сол себептен де, бүгінде еркектердің хәлі адам аярлықтай. «Шағын мемлекеттің» негізгі тірегі – еркектердің ертеңін бүгіннен ойламасақ, ештен кештің кебін киіп, сан соғып қалуымыз ғажап емес. Олай деуге негіз де жоқ емес. Себеп... Осы жайында «Алаш айнасы» ой толғайды.

Оларды күйзеліске түсіріп отырған күнкөрістің қиындығы ғана емес, қоғамымызда еркектерге деген белгілі бір көзқарастың жоқтығы. Бар ауыртпалықты бір иығымен көтеретін қажырлы күш иелерінің соңғы әлетте жүректері ауырып жүр. Дәрігерлердің зерттеулеріне қарағанда әйелдерден гөрі еркектер жүрек дертіне тез шалдығады екен. Қорқыныштысы бұрын бұл дерт 40-45 жастан асқандардың үлесінде болса, бүгінде 18-ден аспай-ақ «жүрегім» деп жүйкесі тозып жүрген жігіттер жетерлік. Жүрек дерті тым жасарып барады. Ауру атаулының ең қауіпті түрлері де ер-азаматтарға үйірсек. Оның үстіне салауатты өмір салтын ұстануға селсоқ қарайтын бөріктілеріміз басты байлығын өз қолдарымен құртуда. Темекіге тәуелділердің дені тағы да осы бөріктілер. Ал, шылым шегетіндердің төрттен бірі инфарктке душар болатынын ескерсек дабыл қағуға тұрарлық-ақ жағдай. Денсаулықтарына баса назар аудармауларының салдарынан олар жыл жылжыған сайын нашақорлыққа салынып, ішкілікке бой алдыруда. Түпсіз терең құрдымнан оларды құтқарып қалу да оңай шаруа емес. Ішкілік демекші... «Алып қояйыққа» алданып, мас болып малданып жүргендер бізде көп. Тым көп. Соңғы он жылдан астам уақыттың ішінде Қазақстанда маскүнемдік дертіне шалдыққандар саны 10 есеге өскен. Яғни, олардың барлығы таңғы асын арақсыз ашпайтындар. Түсінікті де, басым бөлігі еркектер. Елімізде жыл сайын 30 мыңға жуық адам жүрек қан тамырлары, бауыр, асқазан жарасы сияқты дерттерді араққа салыну салдарынан асқындырып алып, көз жұмады екен. Құлқынның құлына айналғандардың жүйке жүйесінің ауытқуына шалдығуы сөзсіз, әрине. Араққұмарлардың үштен бірі әртүрлі психикалық ауытқушылыққа ұшырап отыр. Ер адамдардың 10-12 пайызы ішімдіктің салдарынан, ал 8-10 пайызы естен айыратын есірткінің есесінен өз-өздерін өлімге қиятын көрінеді. Маскүнемдердің қолынан жасалатын қылмыстар да, жол көлік оқиғаларының 50 пайыздан астамы да ащы суға аңсары ауып тұратындардың кесірінен орын алатыны белгілі жәйт. Қазіргі қым-қуыт тіршіліктің миға жүк, санаға салмақ салып тұрғаны да жасырын емес. Жұмыстан босап қалса да, бастығымен сөзге келіп қалса да, жүрегіне жүк түскенін сылтауратып стақанға жүгіретіндер көп. Жанын ауыртқан азапты ащы су арқылы басқысы келеді. Ал, оның соңғы салдарын ойлап та жатпайды.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети