04 маусым 2014 | 16:29

Еуропаны дендеген Олимпиада дағдарысы

ПОДЕЛИТЬСЯ

locman.kz locman.kz

Бүгінде әлемді қаржы дағдарысы ғана емес, тағы бір дағдарыс дендеп барады. Атап айтқанда, Олимпиада ойындарын өткізуге көптеген елдерде қоғам қарсы болып, ат-тондарын ала қашуда, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


Иконка комментария блок соц сети

Бүгінде әлемді қаржы дағдарысы ғана емес, тағы бір дағдарыс дендеп барады. Атап айтқанда, Олимпиада ойындарын өткізуге көптеген елдерде қоғам қарсы болып, ат-тондарын ала қашуда, - деп жазады «Алаш айнасы» газеті.


«Олимпиада дағдарысы» дегеніміз шамбайларыңызға тимесін

ХХІ ғасырда әлемді қаржы дағдарысы меңдеді. Енді Олимпиада дағдарысы да дендеп бара жатқандай. «Олимпиада дағдарысы» дегенімізге кейіс білдіре қоймассыздар. Бүгінгі таңдағы жағдай бізді соған итермелеп отыр. Енді рет-ретімен баяндап шығайық.

Өздеріңіз де шет жағасын білесіздер, 2016 жылғы ХХХІ жазғы Олимпиада ойындары Рио-де-Жанайрода өте ме, өтпей ме, мүлде белгісіз. Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2012 жылғы ХХХ жазғы Олимпиада ойындарын өткізген Лондонға қайтадан қолқа сала ма, оны тек Жаратушының өзі ғана біреді...

Енді 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары да ХОК-тің сау басына сақина болып отыр демесек те, әжептәуір сары уайымға салып отырғандай. Себебі 2022 жылғы ХХІV қысқы Олимпиада ойындарын өз жерлерінде өткізуге ниет білдірген елдердің көбісі райларынан қайтып, базбіреулерлері тіпті өз өтініштерінен бас тартып жатыр. Әсіресе, Батыс Еуропа елдері Олимпиада ойындарынан жеріп қалғандай...

Райларынан қайтқандар

2022 жылғы Ақ Олимпиаданы өз жерінде өткізуге ең алғаш болып ниет білдірген – біздің Алматы. Содан соң бірнеше ел ХХІV қысқы Олимпиаданы өз жерінде өткізуге өтініш білдіретіндей сыңай танытты. Әйтеуір, әр түрлі деңгейде мәлімдемелер жасалған болатын.

Бұл ретте АҚШ (Денвер), Канада (Квебек), Финляндия (Тахковуори, Куопио, Хельсинки), Франция (Тулуза), Румыния (Брашов), Босния мен Герцеговина (Сараево) сынды Олимпиада қозғалысы мен қысқы спорт түрлерінен шежірелері мол мемлекеттерді атап өтуге болады. Бірақ бұлардың ешқайсысы да ХОК-ке ресми түрде өтініш түсірген жоқ. Бәрі де сөз жүзінде қалды.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети