11 маусым 2014 14:58

Жәрдемақы алғанның бәрі жатыпішер ме?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Біздің елімізде әлеуметтік төлемдер мен зейнетақыларды 4,2 млн адам алады. Деректерге жүгінсек, өткен жылы сол 4,2 млн адамға шамамен 1,1 триллон теңге мемлекеттік төлем төленген. Осы іспетті деректерді тізбелегенде бірқатар шенді-шенеуніктер «халқына мұндай әлеуметтік төлем төлеуге әлемдегі дамыған мемлекеттердің барлығының күші жете бермейді» деседі. Тіпті қайсыбір мамандардың пайымдауынша, соңғы кезде атаулы әлеуметтік мемлекеттік көмектерді өсірген сайын сол көмекті заңды-заңсыз тұрғыда алып қалғысы келетіндердің сапы да күрт өскен. «Міне, мұндай жайттарды ескерсек, болашақта біз үшін еңбек қоғамын құру анағұрлым тиімді болмақ. «Еңбекшіл қоғам құру арқылы біз жұмысқа құлқы жоқ, шынайы еңбектенгісі келмейтін жалқаулардан арыламыз. Сондықтан «жатыпішерлердің» еңбекке деген ынтасын ашқанымыз жөн» дейді халық қалаулыларының біразы. Бұған байланысты тіпті Мәжіліс депутаттарының қатарында «жатыпішерлік туралы» бапты енгізу қажет деген ұсыныс білдіргендер де бар. Ал енді қайтпек керек? Сонда болашақта мемлекеттен жәрдемақы алғанның денін «жатыпішерлер» деп тануымыз керек пе? Осы тұста Алаш айнасы бұл мәселені талдап көруді жөн көрді.

1 тауық пен 1 сиырды да санамалағанбыз

Кезінде күлетіні жоқ, «бір үйде бір сиыр, бір тауық болса, онда ол үйдің жағдайы жақсы. Себебі сиырдың сүтін ішеді, айран сатып алмайды, қаймақ, құрт, май, ірімшік, уыз сатып алмайды. Жұмыртқаны сатса - теңге, бір тауық күнде жұмыртқаласа, он жұмыртқаны бәленбай теңгеден есептей беріңіз және тауықтың етінен сорпа жасап ішеді. Мұндай кірісі бар адамдар жұмыс істемесе де өздерін толық асырай алады» деген шенеуніктер де болды. Бұл енді сол кезде тұп-тура «тоқ бала аш баламен ойнамайдының» керіне келді. Осылайша өркениетті елдерде «мемлекетке масыл болу жоқ» деп салған біраз шенділеріміз халықты мемлекеттің мойына артылудан сақтандырып жүр. Бірақ бұған қатысты біз өзімізше талдау жасап көрдік. Бағамдасақ, өркениетті елдерде анау айтқандай емес, қарапайым еңбеккерлеріне деген құрметі айрықша екен. Біз ауылдағы ағайының қорасындағы 1 тауығы мен 1 сиырын санамалап жүргенде, біраз елдер бұқарасына бірнеше тиімді жайттар қалыптастырып үлгеріпті.

Мысалы, Германияда қандайда бір себеппен бала күтіміне байланысты немесе жұмыстан қысқарып қалуына қатысты үш баласы бар әйел адам үйінде алты ай мерзімнен артық отырар болса өкіметтен арнайы 900 (223 200 теңге) еуро жалақы алады. Ал финдік әйелдер 760 (173 600 теңге) евро көлеміндегі жәрдемақы алса, Голландияда мұндай үйде отыратын әйелдерге ең төменгі ай сайынғы төленер жәрдемақы көлемі 300 (74 400 теңге) еуроны құрайды.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети