18 маусым 2014 | 12:00

Жазба ақындар көшеде тентiреп, жаяу кетiп бара жатқанда айтыс ақындары қос-қостан көлiк мiнiп жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Бақытжан АЛДИЯР, ақын, "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының иегерi:


Иконка комментария блок соц сети

 Бақытжан АЛДИЯР, ақын, "Дарын" мемлекеттiк жастар сыйлығының иегерi:


– Бақытжан аға, бiр сөзiңiзде, «бiзден кейiнгi буынның арасында ғаламтор арқылы танылған ақындар қаптап жүр», тiптi, «ақындықты шоумендiкке айырбастап жатқандар көп» дейсiз. Жалпы, өз ой-санаңыздағы «шын ақын» қандай болуы керек?

– Жалпы, ақын дегенiңiз «шын», «өтiрiк» деп бөлiнбесе керек-тi. Бiрақ бiр мәселенi мойындау керек. Бұрынғы ақындар қандай едi? Алматы мен Астананы «мазаламай» қоя тұрайық. Осы өзiмiздiң облысты-ақ алайықшы. Соңғы кезде жұрт ақын десе көз алдына көрiнген жерде дарылдап өлең оқи беретiн, ана бұрыш, мына бұрышта «жүздетiп» тұратын, сұлу көрсе сүйкенiп кетiп, «ғашық бола салатын», аздап билiгi барларға қол жайып, тiленiп жүретiн адамдарды елестететiн болды. Барлық ақын ондай емес, әрине. Дегенмен, бар. Атағы дардай бiр-екеуiн өзiм де бiлемiн. Ал ендi бүгiн арамызда сыбызғыдай сызылған даусымен қоңыр ғана күбiрлеп, күлiмсiреп қоятын Нармахан Бегалыұлы немесе сонау алыс ауылдағы өлеңдi өмiр бойы серiк етiп жүрген бiрқатар ағаларымыз, хан қызындай қатқылдана тұрып, сәл жылылыққа қар қызындай ери салатын Ханбибi апамыз кiмге, қашан алақан жайыпты? Қазiр рахат, баяғы анау-мынау шимайыңды «лақтырып» жiберетiн Кеңестiң тұсындағы әдеби кеңес жоқ. Зейнетке шығып ал да, «Адырдағы бидайды, Комбайнмен жинайды» дегендей бiр пәлелердi жазып, басыңа тастап кеп жiберсе талдырып түсiретiн кiтаптарды шығара бер. Қаржың немесе демеушiң болса болды. Бiр жаман жерi, қазiр ауылға шынайы поэзия жете бермегендiктен ағайын сондай «шалдыр-шатпақты» шын өлең осы екен деп қабылдап жүр. Бұдан қорқу керек. Осыдан соң «шын» немесе «өтiрiк» ақынды өзiңiз бағамдай берiңiз.

– Ұрпақтар сабақтастығы шығармашылық ортада жиi көрiнiс тауып жатады. Оны ақын-жазушылардың эссе, естелiктерiнен оқып жатамыз. Айтпағым, бiзде осы сабақтастықтың шынайы кейiп-кеспiрi қалай?

– Қазақ әдебиетiнде ұрпақтар сабақтастығы ешқашан үзiлiп көрген емес. Аға буынның жазғанын келер толқын жалғап жатса сабақтастық деген сол емес пе?! Мәселен, Қадағам (Қадыр Мырза Әлi) бiр кездерi осы облысымыздың сахнасында тұрып «Осында мен бiлетiн бiр «сұрапыл» сары бала бар. Ол – Бақытжан Алдияр», – дедi. Сөйттi де, Алматыға бiр барғанымда «Өткенде сен туралы айттым. Ендi бұл жолдан тайсаң таяқ жейсiң» — деп әзiлдеп, жұдырығын бiр иiскетiп қойды. Қаныбек көкем де сөйттi. Аллаға шүкiр, мен сол жолды жалғап келе жатқан сияқтымын. Қайбiр кездерi мен осындағы бiр газетке «Артыма қарасам – қорқам...» деген мақала жазғанмын. Сонда шынымен қорыққанмын. Себебi, артыма қарасам iлесiп келе жатқан бiр қара көрiнбедi, бiр шаң көзге түспедi. Содан қорықтым. Ай, бұл Оңтүстiк Қазақстан ғой. Нешеме алыптарды тудырған өлке. Қазiр байқасаңыз, осы облыстағы Қазақстан Жазушылар одағының мүшесi яки былайша айтқанда «кәсiби ақын» боп жүргендердiң ең жасы мен екенмiн. Мен де қырыққа келдiм. Содан алаңдадым. Сөйтсем, бекер екен. Соңымда бiр топ келе жатыр екен. Кеше ғана Әлiмжан Әлiшер деген жiгiттiң ауылындағы кешiне барып келдiм. Мұқағали деген жiгiт өсiп келе жатыр. Өздерiң барсыңдар, тәуба. Әлгi екi жiгiттiң жасы әлi жиырманың айналасында. Осы екпiнмен, анау-мынау мақтағанға дандайсымай, тiк тарта берсе бәрiмiздiң аузымызды сол iнiлер «ұрады». Соған жеткiзсiн!

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети