10 қазан 2024 | 15:04

Жерге комета жақындап келеді: оны қазақстандықтар қашан көре алады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: depositphotos.com Фото: depositphotos.com

Желіде қазанның ортасында біздің елдің тұрғындары кометаны көре алады деген ақпарат тарады. Бұл рас па? Қазақстандық маман жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Желіде қазанның ортасында біздің елдің тұрғындары кометаны көре алады деген ақпарат тарады. Бұл рас па? Қазақстандық маман жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Астрофизика институтының маманы Светлана Мошкинаның айтуынша, бұл ақпарат рас.

"27 қыркүйекте Цзицзиньшань-ATLAS с/2023 А3 кометасы күнге 0,39 астрономиялық бірлік (шамамен 58 миллион километр) қашықтыққа жақындаған перигелийден өтті. 12 қазанда ол біздің планетамызға 0,48 астрономиялық бірлік (шамамен 70 миллион километр) қашықтыққа дейін жақындайды. Комета жерден алыстаған сайын оның жарықтығы жылдам азаяды. Ол шамамен 11-12 қазан күндері күн батқаннан кейін солтүстік жарты шарда көкжиектің үстінде пайда болады, оны көзбен 12-18 қазан аралығында көруге болады, ал одан кейін кометаны тек телескоптан көре аласыз", – деді ол.

Сарапшы жерге жақындаған кезде кометаның жарықтығы 2 шамасына дейін (яғни комета өте жарқын және қарапайым көзге оңай көрінеді) көтерілуі мүмкін екенін түсіндірді.

"12 қазанда жерге минималды жақындау кезінде кометаны батыста күн батқаннан кейін Спика және Арктур жұлдыздарының ортасынан байқауға болады. 12 қазанда күн 17:14-те көкжиек сызығынан асып түседі. Сағат 18.00-ге дейін көкжиек кометаны көру үшін қараңғы болады. Ал Алматы тұрғындары мен қонақтарына кометаны көру қиынға соғады: батыстағы таулар көкжиек сызығын жауып жатыр және қала үстіндегі түтін де кедергі болады", – деп атап өтті Светлана Мошкина.

Астрофизикалық институт қызметкерінің ойынша кометаны Солтүстік Қазақстан тұрғындары жақсы көре алады.

Сонымен қатар, маман комета 2023 жылдың 9 қаңтарында Қытайдың Цзицзиньшань обсерваториясында (Zijinshan Observatory) ашылғанын және оның 18,7 шамасында жарқырағанын еске салды. Бір айдан астам уақыт өткен соң, 2023 жылдың 22 ақпанында бұл кометаның суреттері ATLAS жобасы аясында жұмыс істейтін Оңтүстік Африка обсерваториясының телескобынан алынды. Светлана Мошкина аспан объектісіне оны алғаш көрген обсерваториялардың құрметіне С/2023 А3 Цзицзиньшань-ATLAS атауы берілгенін атап өтті. Сондай-ақ сарапшы бұл комета күнге қайта оралмауы мүмкін екенін айта кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 495.09   526.18   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети