04 қыркүйек 2024 | 10:15

Кәмелетке толмаған бала есімін өзгерте ала ма? Заңгер жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Кейбір жағдайларға сәйкес баланың атын немесе тегін өзгерту қажет болып жатады. Мұның заңдылығы қандай, кез келген уақытта өзгертуге бола ма? Осы туралы Massaget.kz тілшісі заңгер Ақбота Әлиевадан сұрап білді.


Кейбір жағдайларға сәйкес баланың атын немесе тегін өзгерту қажет болып жатады. Мұның заңдылығы қандай, кез келген уақытта өзгертуге бола ма? Осы туралы Massaget.kz тілшісі заңгер Ақбота Әлиевадан сұрап білді.

Кәмелеттік жасқа толмаған бала атын өзгерте ала ма?

Бала 16 жасқа толғанға дейін есімі мен тегін ата-анасының рұқсатымен ғана өзгерте алады.

"Баланың есімі мен тегінің өзгеруіне келетін болсақ, онда кәмелеттік жасқа толмаған баланың тегі ата-анасының екеуінің де тектерін ауыстырған жағдайында өзгереді. Бала 16 жасқа толғанға дейін ата-анасының екі-жақты өтініші бойынша баланың есімін өзгертуге, сонымен қатар оған берілген текті өзге ата-ананың тегіне өзгертуге рұқсат беріледі", - деді ол.

Бала есімін өзі таңдай ала ма?

Заңгердің айтуынша, "Неке және отбасы туралы" кодекске сәйкес, балаға есім ата-анасының немесе өзге де заңды өкілінің келісімі бойынша беріледі.

"Егер әкесінің есімі өзгерген кезде кәмелеттік жасқа толмаған баласының әкесінің аты өзгереді. Егер бала кәмелеттік жасқа толған болса, онда өтініш білдірген жағдайда ғана өзгереді. Ал баланың тегі ата-анасының тектері әртүрлі болған жағдайда, олардың біреуінің тегімен анықталады. Ата-анасының қалауымен баланың тегі ұлттық дәстүрді есепке ала отырып, әкесінің, сол сияқты анасының жағынан әкесінің немесе атасының есімінен құрастырылуы мүмкін. Егер баланың есімі немесе тегіне қатысты ерлі-зайыпты ортақ шешімге келе алмаса, баланың есімі немесе тегіне қатысты ата-ананың арасында туындаған қарама-қайшылық сот тәртібінде шешіледі", - деді заңгер.

Жалғызбасты ана туу туралы куәлікте баласының әкесі деген жерге не жазады?

"Егер әйел жалғызбасты ана болса, баланың атын өзі қояды. Ал әкесінің аты баланың әкесі ретінде жазылған адамның аты бойынша, тегі – анасының тегі бойынша немесе ұлттық дәстүрлер ескеріліп, баланың атасының аты бойынша беріледі", - деді ол.

Ерлі-зайыпты ажырасқан жағдайда баланың тегі өзгере ме?

Егер ата-анасы ажырасқан жағдайда бала осы уақытқа дейінгі тегін сақтап қалады.

"Айырылысу кезінде бала дүниеге келген кезінде иеленген текті сақтап қалады. Ереже бойынша ол әкесінің тегі. Сонымен қоса егер ата-анасы некені бұзу шарттарын рәсімдемей бөлек тұрған жағдайда және бала бірге тұратын ата-ана оған өз тегін бергісі келген жағдайда, бұл мәселе нотариалды ресімделген баланың қызығушылықтары мен өзге ата-ананың пікірін ескере отырып шешіледі. Өзге ата-ананың мекенжайын анықтау мүмкіндігі болмаған, оның ата-аналық құқығын шектеу немесе айыру, іс-әрекетке қабілетсіздік деп тану жағдайларында, сонымен қатар баланы асырау мен тәрбиелеуден бас тартқан жағдайында оның пікірін ескеру міндетті емес", - деді заңгер.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.86   530.42   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети