05 маусым 2014 | 11:10

Қазақты неге жалқау дейміз?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фотолар)

 Кеше экономист-сарапшы Мейрам Қабдрахманұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақтың малы көп. Еуропалықтарға қарағанда қазақтың малы сегіз есе артық. Бірақ қазақтың жерінің құнарсыздығы, ай сайын табатын табысы тағы сол еуропалықтармен салыстырғанда он есе төмен. Сондықтан қазақты жалқау халық дегенмен келіспеймін» деді. Бұл сарапшының «қазақ барып тұрған жалқау халық» дегенге айтқан уәжі.


Иконка комментария блок соц сети

 Кеше экономист-сарапшы Мейрам Қабдрахманұлы өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында «Қазақтың малы көп. Еуропалықтарға қарағанда қазақтың малы сегіз есе артық. Бірақ қазақтың жерінің құнарсыздығы, ай сайын табатын табысы тағы сол еуропалықтармен салыстырғанда он есе төмен. Сондықтан қазақты жалқау халық дегенмен келіспеймін» деді. Бұл сарапшының «қазақ барып тұрған жалқау халық» дегенге айтқан уәжі.

Жалпы, нарықтық экономикаға көшкелі бері қазаққа қойылатын негізгі айыптың бірі – жұрт қазақты жалқау дейді. Бірақ бұған қатысты өткенде сол Батыстың ғалымдарының өзі қазақтың еңбекқорлығын еңбектеріндемәселеге арқау етеді. Қазақтың мал басын бейнетпен күтетін қасиетін, диқаншылықтың мехнатын әлі де тартып келе жатқанын, қуаңшылық мәселесі үнемі алқымнан алатынын батыстық ғалымдар осы уақытқа дейін жазбады емес жазды. Тіпті осы арқылы өзге елдер «қазақ бейнетінің зейнетін көруге ұмтылған ел» деген түсінікті де қалыптастырып келеді. Ал енді біз неге өзімізге «қазақ жалқау» деген айып тағуға бейімбіз? Бір істі тиянақты аяқтай алмағынымызды неліктен осы пәлсапаның аясына сыйғызып жібергіміз келіп тұрады. Алаш айнасы бүгін осы мәселенің астарына үңіліп көруді жөн көрді.

Жерде есесін кеткен халықтың біріміз...

Негізінен мамандардың пайымдауынша, біз бірінші кезекте жерде есесі кеткен елміз. «Сонау патша өкіметі заманынан бастап, қазіргі уақытқа дейін қазақтың қолы құнарлы жерге жеткен жоқ» дейді мамандар.

Сапабек Әсіпұлы, Қазақ және Жер тағдыры комиссиясының төрағасы:

- Кезінде Ресей империясы қазақтың құнарлы жерлеріне мұжықтарды орналастыра бастаған тұста қазақтар өзінің 45 миллион десиятина ең құнарлы жерлерінен айырылып қалды. Шөл далаға ығысқан қазақта егін шаруашылығы қайдан дамысын? Осындай әрекеттен соң қазақтар отырықшылық көрмеді. Қысы-жазы көшіп-қонып жүруге мәжбүр болды. Көшпенді елдің белгілі бір өнеркәсіп саласымен айналысуы да қиын екені белгілі. Бұл – Кеңес өкіметі құрылғанға дейінгі жағдай. Ал кеңестік өкімет заманында тың игеруді желеу етіп, тағы 25 миллион гектар жерімізден айырылдық. Ең құнарлы деген қазақ даласын Украинадан, Белорусьтен келген тың игерушілер иемденіп қалды. Осылай тағы да құнарлы жерді уыстан шығарып алдық. Қазір жеріміздің 67 пайызы шөл және шөлейтті аймақтар. Бұларды ғылым тілінде «адамның күнкөрісіне мейлінше қолайсыз аймақтар» деп есептейді. Бізде қазір 72 аудан бар. Өнеркәсіп дамытпақ түгілі, ол аудандарда күн көру тауқымет. Осы жайттың бетін ашып, қанша зар қақсадық. Жер мәселесін жазып та, айтып та, том-том кітап етіп те шығарып жүрміз, бірақ селт еткен қазақты көрмедім. Міне, нақ қазір бірінші шешілуі тиіс мәселе бізде – осы.

 Қазақты шөлейт аймақ қысып тұр

 Бұған қоса мамандарымыз шөл және шөлейт аймақтарда тұрып жатқандарға қосымша төлемақы төленуі тиістігін алға тартады. Мамандардың пайымдауынша, мәселен, АҚШ-та, Канада да, басқаны қойғанда, Оңтүстік Африкада құнарсыз, суы тапшы, нәрсіз жерлерде тұратын жандарға жалақысына қоса үстеме төлемақы төленіп тұрады. Бұл үрдіс жағдайы төмен деңгейдегі Үндістанның өзінде жүзеге асып отыр. Жоғарыда аталған мемлекеттерде тұрғындарға мемлекеттік мекеменің үш деңгейінен көмек беріліп тұрады. Біріншісі – округтік әкімшілік, екіншісі – штаттық әкімшілік, енді бірі – федералды әкімшілік. Тіпті сол шөлейт аймақтарда туған үндістер басқа жаққа қоныс аударып кетіп, туған жеріне қайта айналып келсе, елде тұрмаған жылдардағы өтемақысын даулап алуға құқы бар. «Ал біз зиянды қалдықтар қоймасына айналған елді мекендерде тұрып жатқан, полигонның зардабын көрген жандарды шөміштен қағып, олар өзге қалаға қоныс аударса, болар-болмас жәрдемақысын төлеуден бас тартамыз. Бұл – бізге сабақ болатын дүние. Сондықтан құзырлы орындар бұл мәселені мықтап ойланып, шөл және шөлейт аймақта тұратын, сынақ алаңына айналған жерлерді мекендейтін халыққа көлемді жәрдемақы беруді қарастырған жөн» дейді мамандарымыз.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети