03 маусым 2014 | 15:51

Клиент несиені доллармен де, теңгемен де төлеуге толық құқы бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

Мен АҚШ долларымен несие алған едім. Ай сайын үзіліссіз төлеп келемін. Енді несиені теңгеге ауыстырайын десем, «Халық банкі» айлық табысың аз деп, бас тартып отыр. Сонда долларды теңгеге ауыстырсам, менің төлем қабілетім төмендеп қала ма? Кімге шағымданамын?


Иконка комментария блок соц сети

Мен АҚШ долларымен несие алған едім. Ай сайын үзіліссіз төлеп келемін. Енді несиені теңгеге ауыстырайын десем, «Халық банкі» айлық табысың аз деп, бас тартып отыр. Сонда долларды теңгеге ауыстырсам, менің төлем қабілетім төмендеп қала ма? Кімге шағымданамын?

Марат, Алматы қаласы

Бұл сұраққа заңгер, «Ел бірлігі» одағының президенті Шолпан Бостанқызы жауап береді:

– Біріншіден, біздің банктер долларлық несиені теңгелік несиеге ауыстыруға толық құқы бар. Өйткені осыдан 4-5 жыл бұрын «Банктер және банк қызметтері» туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілген. Екіншіден, осы заңға сәйкес, егер азамат еліміз банктерінің бірінен доллармен несие алса, кейін клиент оны теңгеге ауыстырғысы келсе, оның өтінішін қаржылық ұйымдар міндетті түрде қанағаттандыруы тиіс. Өйткені аталмыш заңда көрсетілгендей, несиені клиент доллармен де, теңгемен де төлеуге толық құқы бар. Сондықтан банктер клиенттің азаматтық құқы тапталуына жол бермеуі керек. Егер мұндай жағдай орын алатын болса, онда клиент банк омбудсменіне шағымдануы тиіс. Омбудсмен деген азаматтардың құқы мен бостандығының сақталуын, мемлекеттік органдардың заңдылығын бақылаушы деген мағынаны білдіреді. Не болмаса, бізге, «Ел бірлігі» одағына арыз беретін болса, оны тексеруге алуға құқымыз бар. Бірақ қандай жағдай болса да, долларлық несиені теңгеге ауыстыруға әбден болады. Бұл банктің алдағы уақытта доллар өсетінін білгендіктен әдейі істеп отырған қулығы болуы мүмкін. Мұндай келеңсіздіктер менің тәжірибемде көп болған. Бұл ретте біздің одақ қазіргі уақытта банктік омбудсменнің құзіретін тексеруге, банктің несие беру істеріне бақылау жүргізуге, несие беру барысындағы заңсыздықтарды реттеуге толық құзіретіміз бар. Өйткені біз Ұлттық банктің банк қаржылық заңсыздықтарды бақылау комитетіне мүше болып табыламыз.

 

Көкейде жүрген басқа да сауалдардың жауабын білгіңіз келсе "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети