09 маусым 2014 11:00

Қызыңыздың қалың малы қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) @Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

«Қыз бен қойдың жүрмейтін жері жоқ» демекші, бүгінде Шымкенттің қызы Шығыс Қазақстанға, Солтүстік Қазақстанның қызы Қызылордаға, Маңғыстаудың қызы Астанаға, Алмытының қызы Оралға, келін болып жатады. Осындайда құда-құдағилар бірін-бірі түсінбей әуреге түседі-ау келіп. Ең қызығы, біздің еліміздің әр өңірі бір-бір мемлекет секілді ғой, салт-дәстүрлері де, тұрмыс-тіршіліктері де бір-бірінен ерекшеленіп тұрады. «Әр елдің салты басқа» дегендей әр өңірде қыз беріп, келін түсірудің өзіндік жазылмаған заңы бар. Әсіресе, әр облыста ұзатылар қыздың қалың малының құны әртүрлі. Таяуда ағамның баласы келін түсірісіп әулетімізді бір қуантқан еді. Алған келініміздің қалыңы қанша болды дейсіз ғой? 600 мың. Осы орайда «Алаш айнасы» оқырмандарымен Қазақстанның әр өңіріндегі қыздардың «қырық жетісі» туралы ой бөліскенді жөн көріп отырмын. Өткен айда Алматыда тұратын ағамның тұңғыш баласы Алматының қызын алып қашып келіп, келін түсіріп мәз болдық. «Құда түсіп, қолдан алсақ дұрыс болар еді, алайда жастар өздері осылай шешкен екен, дегендері болсын» дедік те туған-туыс жиналып құда-құдағилардың алдынан өтуге бардық. Танысып, жөн сұраса келіп белгеніміз, құдаларымыз біраз жыл бұрын Алматыға Шымкенттен көшіп келіпті. Алматыда өздерінің бірнеше ірі дүкендері, жеке мейрамханалары бар дәулетті әулет екен. Құдаларымыз бірден ашығын айтты: «Құйрық бауыр жесіп, төс қағыстырып құда боламыз, бізде де ағайын-туыс, жора-жолдас бар, солардың алдында абыройымызды түсірмейсіздер деп үміттенеміз. Қызымыздың қалыңы 600 мың теңге, тоймалын, ана сүтін, басқа сый-сыяпат, киттеріңізді шамаларыңызға қарай әкелерсіздер» дегені құдағиымыз. Сонымен ағам мен жеңгем балаларының бақытын ойлап құдаларына ауыз ашпастан сұрағанын әкелетін болып келісті. Енді қайтер екен деп біз жүрміз. Туған-туыс болып көмектесіп-ақ жатырмыз. Дегенмен қалың мал, киіт, тоймал, ілу деген секілді анау-мынаудан бөлек той шығыны бар дегендей, әбден тыраштанып жатыр. Қайын жұртының көп ақша сұрағанын естіген ұлымыз «онда үйленбеймін, қызды апарып тастаймын» деп қиғылықты салды емес пе? Әйтеуір жабылып жүріп ұлды көндіріп, тойға дайындалып жатырмыз. Мен өзім Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданында тұрамын. Екі қыз, екі ұл өсірдім. Екі қызымының бірі

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети