МӘМС
МӘМС
Нені білу маңызды?
МӘМС - бұл міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру. Жүйе Қазақстанда 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап іске қосылды. Осы уақыттан бастап қазақстандықтар медициналық сақтандыруға ақша аударып, қажетті медициналық қызметтер спектрін пайдалана бастады.
Сақтандырылу үшін не істеу керек және бұл мәртебе не береді, бұл туралы осы материалда айтып береміз.
Сақтандырылу үшін не істеу керек және бұл мәртебе не береді, бұл туралы осы материалда айтып береміз.
МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?
МӘМС жүйесі қалай жұмыс істейді?
Көбі МӘМС-ті – зейнетақы қорының баламасы, яғни ақша жинақталған соң ғана пайдалана аламыз деп ойлайды. Шын мәнінде олай емес! МӘМС – зейнетақы қоры емес! Бұл медициналық секторды қаржыландырудың жаңа моделі.
Ол бірлескен жауапкершілік принципі бойынша жұмыс істейді немесе қарапайым тілмен айтқанда, "асар". "Асар" - қазақ халқының ежелгі дәстүрі, онда адамдар бірігіп, бір-біріне тегін көмектеседі. Яғни, мемлекеттен және еңбекке жарамды халықтан түскен барлық қаражат бір әлеуметтік "әмиянға" - Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына түседі. Одан кейін барлық пациенттің қанша жарна төлегеніне қарамастан көрсетілген медициналық қызметтерге төлем жасалады.
Мысалы, бүгін медициналық көмек сізге қажет болса, қордың қаражаты сіздің емделуіңізге жұмсалады. Ал ертең медициналық көмек сіздің жақын адамыңыз, туысыңыз, досыңыз немесе көршіңізге қажет болғанда, қор қаражаты олардың ем алуына бағытталады.

*Қор – бұл стратегиялық төлеуші және медициналық қызметтерді сатып алушы ұйым. Қарапайым тілмен айтқанда, медициналық ұйымдар қазақстандықтарға өз қызметін көрсетеді, ал қор оларды МӘМС қаражаты есебінен төлейді.
Айта кету керек, егер сіз медициналық көмек алмаған болсаңыз, өз жарнаңызды қайтарып ала алмайсыз әрі оны басқа адамға беруге болмайды. Себебі, жоғарыда айтылғандай, жүйе "бір әлеуметтік әмиян" қағидасы бойынша құрылған.
Ортақ "әмиянды" кім толтыруы керек?
-
- Жұмыс берушілер
-
- Жеке кәсіпкерлер
- Жеке көмекшілер
- Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар
-
- Жалдамалы жұмысшылар
- Жеке практикамен айналысатындар
- АҚС шарты бойынша табыс алатын жеке тұлғалар
-
- Мемлекет
Айта кетерлігі, 30-60 жас аралығындағы еңбекке қабілетті қазақстандықтар МӘМС жүйесін қаржыландыруға негізгі үлесін қосады. Бұл ретте зейнеткерлер мен балалар – медициналық қызметтерді негізгі тұтынушылар болып табылады. Олардың алатын қызмет көлемі төленген жарналардан әлдеқайда асып түседі. Сондықтан жас буын МӘМС-ті төлеу арқылы қариялар мен балаларға қамқорлық жасайды деуге болады. Демек жүйеге қаншалықты көп жұмыс істейтін азамат тартылса, олардың медициналық көмекті қажетінше алуына жағдай жасалады деген сөз.
1) балалар;
2) ресми тіркелген жұмыссыздар;
6) мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
8) Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10) тергеу изоляторларында отырған тұлғалар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14) жалпы білім беретін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын тұлғалар (күндізгі бөлім студенттері);
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатын жұмыс істемейтін адамдар.
2) ресми тіркелген жұмыссыздар;
3) жұмыс істемейтін жүкті әйелдер (олар үшін зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдар алдыңғы 2 айдан артық төленбейді);
4) жұмыс істемейтін ата-ана (заңды өкілдердің бірі), бала үш жасқа толғанға дейін;
5) жүктілік пен босануына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына, сондай-ақ үш жасқа толғанға дейін балаға (балаларға) күтім жасауына байланысты демалыста жүрген адамдар;6) мүгедектігі бар балаға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
7) бірінші топтағы мүгедектігі бар адамға күтім жасайтын жұмыс істемейтін адамдар;
8) Қазақстанның Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан зейнетақы төлемдерін алушылар, соның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
9) қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесінің мекемелерінде (ең төменгі қауіпсіздік мекемелерін қоспағанда) сот үкімі бойынша жазасын өтеп жатқан адамдар;
10) тергеу изоляторларында отырған тұлғалар, сондай-ақ үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған жұмыс істемейтін адамдар;
11) жұмыс істемейтін қандастар;
12) "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар;
13) мүгедектігі бар адамдар;
14) жалпы білім беретін орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беретін, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі бөлімде оқитын тұлғалар (күндізгі бөлім студенттері);
15) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатын жұмыс істемейтін адамдар.
Бұл ақша қайда сақталады?
Жарналар мен аударымдар ҚР Ұлттық банкіндегі арнайы шотқа түседі, ал ол жерден медициналық ұйымдарға көрсетілген қызметтерді төлеуге бағытталады.
МӘМС жүйесіндегі қызметтерді төлеген соң, уақытша бос тұрған қаражатты Ұлттық банк бағалы қағаздар мен депозиттерге аударады. Бұл қосымша табыс алуға мүмкіндік береді, яғни МӘМС жинақталған активтерінің сомасын арттырады. Олар тек медициналық қызметтерді төлеуге бағытталады әрі Қордың қажеттілігіне жұмсалмайды.

Осылайша, 2024 жылдың 9 айында алынған инвестициялық табыс 100,3 миллиард теңге болды. Яғни бұл - МӘМС пакеті бюджетіне қосымша қаражат. Маңыздысы, инвестициялық табыстың өсімі 2023 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,3 есеге артқан.
Маған қазір медициналық көмек қажет, бірақ жарналарды төлемеген едім. Бұндай жағдайда не істеуім керек?
"Сақтандырылған" мәртебесін, яғни, МӘМС жүйесі аясында медициналық көмек алу мүмкіндігіне қол жеткізу үшін келесі нұсқалардың біреуін таңдау қажет:
- алдағы 12 айға жарна төлеу;
- соңғы 12 айдағы берешекті төлеу.
Егер уақытша жұмыссыз немесе үй шаруасындағы әйел болсаңыз,
МӘМС-те "сақтандырылған" мәртебесін алудың екі тәсілі бар:
- Жұмыссыз ретінде тіркелу
- Төлемді өзіңіз жасауДербес төлеуші ретінде ай сайын төлем жасауыңыз қажет. Жарна мөлшері 1 ЕТЖ-ның 5%-ы, яғни 2024 жылы - 4250 теңге. Оны кез келген банктен, банк қосымшаларынан, "Қазпошта" АҚ-тан, Касса 24 және Qiwi әмиян терминалдары арқылы төлеуге болады.
МӘМС жүйесіндегі мәртебемді қайдан тексере аламын?
Telegram-бот
Qoldau 24/7
мобильді қосымшасы
мобильді қосымшасы
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сайты
Damumed
eGov электрондық үкімет сайты
Басқа емханаға ауысып, тіркелуге бола ма?
Иә, бірнеше жағдайда ауыса алады:
- Егер тұрақты немесе уақытша тұратын жеріңіз өзгерсе;
- Аймақтық комиссияның шешімімен МСАК ұйымына тіркелуге келіспесеңіз;
- Жылына бір рет қалаған медициналық ұйымыңызды еркін таңдай аласыз;
- Сондай-ақ, емханаға тіркеу науқаны аясында жасай аласыз – жылына бір рет, күздің басында өткізіледі. Мысалы, 2024 жылы бұл науқан 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейін өтті.
- Жаңа денсаулық сақтау нысандары ашылған жағдайда.
Науқан аясында емхананы ауыстырған жағдайда, жаңа клиникада медициналық көмекті келесі жылдан, яғни 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап алуға болатынын білген жөн.
Алайда, сіз таңдаған емханада тіркелген халық саны шектен асып кетсе және сол емхана аумағында тұрмайтын болсаңыз, тіркеуден бас тартуы мүмкін. Бұл жағдайда не себепті қабылдамағаны туралы жауап келу керек. Өтініш 1 жұмыс күні ішінде қаралады.
МӘМС аясында бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле алмайсыз.
МӘМС аясында бір уақытта бірнеше емханаға тіркеле алмайсыз.
Емхананы таңдағанда, оның үйіңізге жақын орналасуын ескеру маңызды. Өйткені, медициналық мекеме неғұрлым жақын болса, дәрігерді үйге шақыртқанда соғұрлым тез келеді.
Бұл ретте Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының базасында тіркелген және МСАК қызметтерін көрсететін мемлекеттік емханаларға да, жеке медициналық орталықтарға да тіркелуге болады.
Медициналық ұйымдардың толық тізімін МЫНА ЖЕРДЕН көре аласыз.
Медициналық ұйымдардың толық тізімін МЫНА ЖЕРДЕН көре аласыз.
Көрсетілмеген ем-домның "көрсетілді" деп жазылғанын байқасаңыз, не істеу керек?
МӘМС жүйесі ашық жұмыс істейді. Барлық ақпарат интернетте бар және еліміздегі емханаларда қолжетімді. Алайда өзге жүйелер секілді МӘМС те тұрақтану кезеңінен өтіп жатыр. Бұл кезеңде бұзушылықтар болуы мүмкін.
Мысалы, 2024 жылдың басынан бері Қор шамамен 195 миллион теңге сомасында көрсетілмеген 440-тан аса медициналық қызметті анықтады. Бұл ретте, ӘМСҚ медициналық қызметті төлеуден алып тастап, медициналық ұйымға "жалған" қызметтің сомасына 300% көлемінде айыппұл санкцияларын қолданады.
Егер көрсетілмеген медициналық қызметті анықтасаңыз, өтінім қалдырыңыз:
- Медициналық сақтандыру қорының сайтына;
- Qoldau 24/7 қосымшасына ;
- 1414 телефоны бойынша.
Медициналық қызмет нашар көрсетілсе, қайда шағымдануға болады?
Егер сізге сапасыз медициналық қызмет көрсетілсе немесе мүлде көмек көрсетілмесе, келесі тәсілдерді пайдаланып, құқығыңызды қорғай аласыз.
- Пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіБұл қызмет барлық медициналық ұйымда жұмыс істейді. Жазбаша өтініш-шағымыңызды жазып, байланыс мәліметтерін көрсетсеңіз жеткілікті. Толық ақпаратты емхананың немесе аурухананың тіркеу бөлімінен алуға болады.
- ӘМСҚ сайтыҚор сайтында шағым немесе өтінім қалдырудан бөлек, алғыс пен ұсынысыңызды қалдыра аласыз. Мұны төмендегі батырманы басу арқылы жасауға болады.
- Өңіріңіздегі Денсаулық сақтау басқармасының байланыс орталығыӘр аймақта шағымыңызға жауап беруге міндетті байланыс орталықтары бар.
- Qoldau 24/7 қосымшасында өтінім беруҚосымшада тәулік бойы медициналық сақтандыру және пациент құқығына қатысты өтінімдер қабылданады. Барлығы өңделіп, тіркеу нөмірі беріледі.
- Telegram-ботқа өтінім беру@SaqtandyryBot негізгі мәзірінде "Қорға хабарлама жіберу" командасын таңдаңыз. Сауалыңызды жазып, аймағыңыз бен өңіріңізді көрсетіңіз.
- Қордың 1414 байланыс орталығыҚазақстан аумағында қоңырау шалу тегін.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы тағы да толымды ақпаратты ӘМСҚ сайты және жобамыздың өзге де материалдарынан оқи аласыздар.
"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ
қолдауымен дайындалған материал.
қолдауымен дайындалған материал.
Жобада "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ
баспасөз қызметінің суреттері пайдаланылды
баспасөз қызметінің суреттері пайдаланылды