07 маусым 2024 12:42

Мектеп оқушыларына жұмыс істеуге бола ма? Заңгер жауабы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Тұрар Қазанғапов Фото: Тұрар Қазанғапов

Жазғы демалыста мектеп оқушылары жұмыс істейді. Олардың көпшілігі заңды білмегендіктен өз жасына сай берілген уақыттан көп жұмыс істеуі мүмкін. Салдарынан еңбекақысын да уақытында алмауы мүмкін. Осы ретте кәмелеттік жасқа толмағандардың жұмыс істеу құқығы туралы заңгер Альбина Бахтиярқызы Massaget.kz тілшісі айтып берді.


Жазғы демалыста мектеп оқушылары жұмыс істейді. Олардың көпшілігі заңды білмегендіктен өз жасына сай берілген уақыттан көп жұмыс істеуі мүмкін. Салдарынан еңбекақысын да уақытында алмауы мүмкін. Осы ретте кәмелеттік жасқа толмағандардың жұмыс істеу құқығы туралы заңгер Альбина Бахтиярқызы Massaget.kz тілшісі айтып берді.

Оның айтуынша, Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексіне сәйкес кәмелетке толмаған тұлғалар жұмыс істей алады. 

"Бізде бірнеше категориялар қарастырылған. 16 жасқа толған кез келген тұлға еңбек келісім-шартын жазбаша отырып, жұмыс істей алады. Кәмелеттік жасқа толған адамдар қандай жұмыс істесе де өздері біледі. Заң бойынша 14 пен 16 жастағы тұлғалар да Еңбек шартына отыра алады. Бірақ олардағы негізгі шарт - жұмыс уақытына байланысты болады. Яғни, аптасына 24 сағаттан жоғары болмауы керек.

Ал 14 жасқа дейінгі балалар Еңбек шартына отырғысы келсе, біріншіден, міндетті түрде заңды өкілдері жанында болуы әрі олардың келісімі керек. Олардың келісімі маңызды. Екіншіден, мұндай жастағылар киномотография, қандай да бір концерттік салаларда жұмыс істей алады. Бұл жерде де жұмыс істеу уақыты аптасына 24 сағаттан аспауы тиіс. Яғни кәмелеттік жасқа толмағандар осы секілді жұмыстарды атқара алады. Еңбекақы тараптардың келісімі бойынша төленеді", - деді ол.

Ал егер кәмелетке толмағандарды заңсыз түрде жұмысқа тартатын болса, әкімшілік, тіпті қылмыстық та жауапқа тартуға болады.

"Кез келген кәмелетке толмаған тұлға жұмысқа тартылатын болса, бірінші оның сабағына әсер етпеуі керек. Денсаулығына зиян болмауы тиіс. Жұмыс сағаты ересектермен бірдей болмауы қажет. Өйткені олардың денсаулығына, жас шамасына, психологиясына сай ерекшеліктері болады. Бұл жөнінде Еңбек кодексінің 69-бабында жұмыс істейтін сағаттары жөнінде айтылған", - деді ол

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 472.62   490.7   5.4 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети