16 маусым 2014 13:26

Мен қалай суррогат ана болдым?

ПОДЕЛИТЬСЯ

rusachka.ru фото rusachka.ru фото

 Құрметті «Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы. Сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына басымнан өткен мына бір жайтты жолдап отырмын. Себебі сайттарыңызда суррогат ана болғысы келгендердің жолдаған сауалының көптігі сонша, назарымды бірден аудартты. Егер жазғандарым көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.


 Құрметті «Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы. Сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына басымнан өткен мына бір жайтты жолдап отырмын. Себебі сайттарыңызда суррогат ана болғысы келгендердің жолдаған сауалының көптігі сонша, назарымды бірден аудартты. Егер жазғандарым көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.

Cонымен мен қалай суррогат ана болдым? Ендеше сіз бейіл қойыңыз, мен баяндайын...

Ол жылдары мен солай жасауға мәжбүр болдым. 2004 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында ауруханада медбике болып жұмыс істейтінмін. Медбикенің жалақысын білесіздер, бір жалақыдан екінші жалақыға ептеп-септеп қиналып жетіп жүрдік. Күйеуімде жұмыс жоқ, қолымда кәрі шешем және қызым бар. Бірде өзі жұмыссыз және демікпе дертімен ауыратын күйеуім өз туыстарына барғысы келетінін, туыстарының көмегімен бір кәсіп жасағысы келетінін айтып қалаға жол тартты. Сөйтіп, ол сол кеткен мол кетті. Ақыры дәм-тұзымыз жараспай ажырасып тындық. Ал маған жалғыз өзіме кәрі шешемді, қызымды бағу одан әрі қиындай түсті. Осылай қиналып жүргенімде бір күні Алматыдағы құрбымның шақыртуымен, шешем мен қызымды ауылға тастап, алып қалаға «мол ақша табамын» деген үміт жетектеп келе қалдым. Алматыға келіп өз мамандығым бойынша жұмыс істегім келетінін айтып едім, құрбым миығынан күлді де үндемеді. Ертесіне ол маған суррогат аналар қажет екендігі жөнінде жарнаманы алып келді. Өзі де осы бағдарлама бойынша жұмыс істей бастағанынан да құлағдар етіп қоюды ұмытпады. Қомақты қаржыға қол жеткізгім келсе қажетті анықтамаларды жинауым керектігін айтты. Үш күн ойланып ақыры ЭКО орталығына барып көруді жөн көрдім. Құрбыммен бірге арнайы психологиялық-трейнингтерге қатысып жүріп суррогат ана болудың жай-жапсарын ақырындап түсіне бастадым. 15 күндей шамасында уақыт өткен соң мені құрбымның таныстыруымен тапсырыс берушілер таңдай бастады. Осылайша алғашқы қадамым басталды. Міне, сол уақыттан бастап мен суррогат ана болумен қатар төрт мәрте ооцит донор яғни құпия донор бола алдым.

Бірінші био-ананың сеніміне кірген жөн

Өзімнің мамандығым медбике болғандықтан маған бағдарлама барысында пайдаланатын преператтарды қабылдау аса қиындық туындырмады. Себебі олардың атауының көпшілігі маған таныс еді. Сөйтіп, мен бірінші мәрте 2007 жылы осы тәсіл арқылы жүкті болып өмірге ұл әкелдім. Қазір ол ұлдың жасы жетіде.

Жалпы, маған тапсырыс берушілер үшін менімен келісімшарт жасау тиімді. Себебі менің био-аналар мен био-әкелерге қояр өзіндік талабым бар. Мен оларға «сіздермен танысқаныма әрине, қуаныштымын, бірақ менің шартым, мен бала көтерген сәттен бастап сіздің күйеуіңізді көргім келмейді» деп ашып айтамын. Бұған себеп: баласына жүкті кезде суррогат ана мен баланың биологиялық әкесінің арасында жақын қарым-қатынас пайда болып, осының салдарынан қайсыбір отбасылар бұзылып та жатады. Осыны ескергендіктен мен суррогат ана болған кезде мұндай шарт қоя білуім керек екенін жақсы түсіндім. Осылайша құрсағымдағы баланың биологиялық анасының маған деген сенімін туғыздым. Ал бұл жайт көптеген кездерде қадамымды тайсалмай алға басуға жетеледі. Тіпті қазір сол ұлдың био-анасымен телефон арқылы хабарласып, жай-жапсарын біліп тұрамын. Бірақ отбасының ішіне дендеп еніп кету, тым жақын араласу суррогат аналар үшін аса қажетті дүние емес. Себебі мұндай жағдайда бірінші кезекте өзі өмірге бала әкеле алмай қабілеті шектеліп, онсызда жарым көңіл болған био-ананың көңіліне қаяу түсуі мүмкін. Екіншіден, био-әкенің де көңілі алаң бола бастайды. «Басқа әйелдің қолынан келеді, ал біздікінің ше» деген бір ой жылт етсе ер-азаматқа осы ойдың өзі жетіп жатыр. Сондықтан суррогат ана болғаннан кейін алдымен осы жайттарды сауатты шешуге басты назар аудару керек. Былайша айтқанда, бала құрсағыңа біткен бетте «бұл баланың биологиялық әке-шешесі бар» дегенді санаға мықтап сіңіру керек. Олай етпеген суррогат ана кейін сол балаға бауыр басып қалса, қилы-қилы проблемалар алдынан шығады. Суррогат ана болатын әйел бірінші био-ананың сенімін тудыруды ойлауы тиіс. Осы арқылы ол өзінің жолын ашық ете алады.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети