06 маусым 2014 | 11:28

Мен күйеуіме арақты қалай қойғыздым?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 Құрметті «Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы. Сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына көптеген жанға үлгі болар деген ниетпен өз басымнан өткен мына бір жайтты жолдап отырмын. Егер көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.


Иконка комментария блок соц сети

 Құрметті «Алаш айнасы» интернет-газетінің ұжымы. Сіздердің сайттарыңыздағы «Отбасы – ошақ қасы» айдарына көптеген жанға үлгі болар деген ниетпен өз басымнан өткен мына бір жайтты жолдап отырмын. Егер көңілдеріңізден шығып жатса жарыққа шығарарсыздар.

Халыққа танымал өнер иесі әзілқой Тұрсынбек Қабатовтың «қазақтың әйелдері тұрмысқа шыққан соң күйеуіне бәрін қойғызып тастайды. Бірінші арақты қойдырады, одан кейін достарымен араластыруды қойдырады, одан соң туған-туыспен ара-қатынасты жақындатпай не алыстатпай ұстауды үйретеді. Осылайша олар бәрін қойдырады» дегені бар емес пе?! Ақиқатында бұл сөздің жаны бар. Расымен де біраз қазақ әйелдерінің тұрмысқа шыға салысымен ол көне ме, жоқ па cоған қарамастан-ақ күйеуінің кем-кетігін жонып, түзеп-күзеумен айналысып кететіні бар. Мұны мойындауымыз керек. Сөйтіп, Тұрсынбекше айтқанда мен де тұрмысқа шыға салысымен күйеуімнің басқасынан бұрын арағымен «алыса» бастадым. Әрине, еріккеннен емес, «отбасының берекесі кетпесін, күні ертең балаларым өскенде әкелерінің осы қасиетін бетіне шыжғырып баспасын» деген ойдан осындай қадамға бардым. Осылайша арақпен «айқасудың» өзіндік жобасын жасадым. Бұл жобамды өзгелер сабақ алсын деген оймен «Алаш айнасының» оқырмандарымен бөлісуді жөн көріп отырмын.

Әрине, бірінші мораль оқылды...

Алдымен не істедім дейсіздер ғой?! Алдымен, күйеуім үйге ішіп келген күні қабағымды шытып, ыдыс-аяғымды салдырлатып, ұрыс-керісті өзім бастайтын болдым. Арасында күйеуімнің «ақылсыз миын аршып» мораль оқи бастадым, ата-енемді шақырып отбасылық «жиналысқа» да салдырдым. Осылайша күйеуімді ықтырып, жөнге салармын деп ойладым. Бірақ бұдан қойылған арақ та жоқ, үйге енген береке де жоқ. Керісінше, бір күнгі ұрыс, отбасымыздан қырық күнгі ырысты кетіріп күйеуім екеуміздің арамыздан ала мысық жүгіріп өтіп, әрбір ұрыс-керістен жүйкеміз тоза бастады. Сонымен жиі «гастрольдететін» (күйеуім ішіп жүрген күндерді осылай атайтын едім) ерімді мораль оқу арқылы шөлмектен ажырата алмадым. Керісінше, оның үйге ішіп келуі жиілеп кетті. Сөйтіп, құрғақ моральдың өтпейтінін, мұнымен оны арақтан арашалай алмайтынымды аңғардым да келесі қадамға аяқ бастым.

Төркінге кетіп қалдым...

Келесі қадамым, барлығына қолды бірақ сілтеп, баламды құшақтап алып төркініме кетіп қалу болды. Өзіме керекті заттарымды жиып алып, күйеуімнің кезекті «гастрольден» келуін күтпестен төркініме тартып отырдым. Көңілім дел-сал. Жүрегім соншалықты езіліп, үйдің есігін сыртынан жауып жатып «бұл қадамға арақты қойдыру үшін барып жатырмын ғой» деп өзіме дем бердім. Байыбына барып ойланбастан қаланың шетіндегі әке-шешемнің үйін бетке алдым. Бірақ төркінге беймезгіл уақытта, оның үстіне шақыртусыз келгенімді әке-шешем жақтырмады. «Осыдан үйге жетсем бе, барлығын жасырмай айтып беремін, шыдамның да шегі бар» деген булыққан ойларымның барлығы әкемнің сұстанып бір қарағаннан-ақ басымнан бұл-бұл ұшты да кетті. Өзімнің балалығым өткен өз үйімде отырып «жат жұрттық екенімді» осы кезде сезіндім. Анамның дастарқанынан дәм таттым да үш сағатан соң қайта келген ізіммен, ешқандай шағым да айтпастан, ештеңе деп тіс жармастан өзім келін боп түскен үйге қайтып келдім. Сөйте тұрып, енді бұл босағаны қандайда бір себептермен тарс жауып кетпеуге уәде бердім. Бірақ күйеуімнің ішімдікке салынып кетпеуі үшін дабыл қағуым керектігін де жақсы түсіндім. Не істеу керек? Мораль оқу, отбасылық жиналыс ашу, төркінге кету, «ажырасамын» деп қорқыту өз қадірімді кетіргеннен басқа пайда бермеді. Енді қандай әрекет жасауым керек? Ойлана-ойлана «арақты қойдыратын емші-балгерлерді іздеп табуым керек» деп шештім.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети