05 маусым 2014 | 16:36

МЕШІТТІ БӘСЕКЕ ҮШІН САЛАМЫЗ БА?

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Жақында біздің Қостанай облысында жанды жадыратар жақсы бір жаңалық жарқ етті. Облыс орталығында аршыған жұмыртқадай әп-әдемі, сән-салтанаты мен сәулеті көздің жауын алатын тамаша бір мешіт бой көтерді. Тобыл өңірінің мұсылман қауымының еңсесі бір көтеріліп қалды. Жұртшылық бір-бірінен сүйінші сұрап, төбесі көкке бір елі жетпей қалғандай.

Иконка комментария блок соц сети

Шындығында бір мезгілде бірден 600 мұсылман жайнамазға бас қоятын мұндай ғимаратқа сүйсінбеу мүмкін емес еді. Ашылу салтанатында да мін жоқ. Қазақстан мұсылмандар басқармасының бас мүфтиінен бастап, облыс әкіміне дейін осы шараға қатысып, осынау Алла тағаланың үйін салып берген кәсіпкер азаматқа ақжарма алғысын айтып жатты. Мұның да орны бар еді. Облысымызға белгілі кәсіпкер Төлеген Жайлаубаев осы ғимараттты өз ақшасымен салып, бұл мақсатқа 400 миллион теңге жұмсапты. Несі бар, аса сауапты іс, өзге жұртқа үлгі етерлік тамаша өнеге. Қала орталығында орналасқан, салынғанына 100 жылдан асқан мешітіміздің қанша дегенмен ескіріп қалғандығы белгілі еді. Енді мына ғимарат мұсылман жұртының ғибадат етуіне кең мүмкіндік беріп отыр. Қалай қуанбассың.

Алайда осы қуаныш үстінде ортаға салар бір ойымыз бар еді. Қазақта "Айтпаса сөздің атасы өледі" деген сөз бар. Сол секілді бұл ойымызды іркіп қалсақ, шындыққа да қиянат жасармыз. Айтайын дегеніміз, дәл осы мешіттің қасында тағы да үлкен бір ғимарат бой көтеріп келеді. Құдай қаласа, бұл мешіт жаңағы мешіттен асып кетпесе, кем түспек емес. Мұнда бір мезгілде бір мыңға жуық адам құлшылық ете алады.

Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети