12 маусым 2014 | 15:04

Назар сал: бәйге!!!

ПОДЕЛИТЬСЯ

fifa.com фото fifa.com фото

 Бүгін түнде футболдан әлем чемпионатының «пердесі» түріледі. Төрт жыл сарыла күткен бүкіләлемдік дода басталып, ашылу салтанаты өтеді. Содан соң боладысымен дегбірді алған ойындар да басталады.


Иконка комментария блок соц сети

 Бүгін түнде футболдан әлем чемпионатының «пердесі» түріледі. Төрт жыл сарыла күткен бүкіләлемдік дода басталып, ашылу салтанаты өтеді. Содан соң боладысымен дегбірді алған ойындар да басталады.

Осыған орай, «Алаш айнасы» газеті осы дүбірлі дода барысында «Болжамшылар бәсекесін» ұйымдастырғалы отыр. Жеңімпазға дайындап отырған бас бәйгеміз де бар. Оны сәл кейінірек жариялаймыз.

Бәйгемізге келер болсақ, күніне бір журналист пен бір қыз (келіншек) өз болжамдарын ортаға салады. Осылай топтық кезең аяқталғанша 15 жұп сайысқа түседі. Әр жұпта жеңіске жеткендері 1/16 финалына шығады. Сонда 15 жұптан 15 жеңімпаз шығуы керек. Ал 16-шысы жеңілгендердің ішінде ең көп ұпай жинаған адам болады.

Осы рете айта кетейік, егер бір жұптағы қос болжамшының екеуі де бірде-бір ұпай ала алмаса, онда екеуі де 1/16 финалына өтпейді. Қысқасы, топтық ойын біткен соң ұпай санаймыз.

Енді «Болжамшылар бәсекесі» деп аталатын бәйгеміздің қысқартылып жарияланып отырған талап-тәртібімен, жалпы ережесімен таныс болыңыздар:

1. Бір ойындағы ойын нәтижесін (есебін) дәл тапқан адамға үш ұпай беріледі (Мысалы, Бразилия құрамасы Хорватия қырандарын 3:1 есебімен ұтса, тура осылай топшалаған сайыскерлерімізге үш ұпай беріледі. Тең аяқталған ойындардың да есебін дәл тапқандар үш ұпай еншілейді).

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети