Батыстық «бақыт формуласы» саналатын Неке келісімшартының өмірімізге дендей енгеніне де көп уақыт бола қойған жоқ. Оған көбіміздің тіксіне қарайтынымыз тағы да рас. Нотариалдық кеңсе қызметкерлері некеге тұрушылардың арасында неке келісім-шартын жасатсақ деп өтініш жасайтындары өте сирек кездеседі дейді. Бір ноқтаға басы байланғандардың арасында неке келісімшартына отырған ерлі-зайыптылар саны бір пайыздан аз деген болжам бар.

Тәуелсіз сарапшылар жүргізген сауалнамаларға қарағанда отбасылардың басым бөлігі жиған-тергендерін алдын ала бөліскілері келмейтінін жан- жарымен болашақта ажыраспайтындықтарымен түсіндіреді. Ол да дұрыс. Ал, екінші жағынан алып қарағанда «жаман айтпай жақсы жоқ екенін» де естен шығармаған ләзім дейді мамандар. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, заңды некеге тұрғандардың 45 пайызға жуығы кейіннен ажырасатынын көрсетіп отыр. Белгілісі, неке келісім-шартына қол қоюға келіскендердің көбі алдыңғы жарымен ажырасқандар екен. Аузы күйгеннен үрлеп ішуді үйренгендер алдын ала келісіп алғанды тиімді санайды. «Жақсыны айтып, жаманды жаныңа тақап қой» дегендей ертеңгі күні отбасының іргесі сөгілген жағдайда неке келісімшартының көп көмегі тиері сөзсіз. Маңдай терін төгіп жиған мал-мүлікті теңдей бөлуді қаламайтындарға да оң болмақ. Мәселен, ажырасуға бел буған жағдайда кейбір пысықай отағасылар басындағы үйін, көлігін тез арада інісінің не болмаса басқа да туған-туысқанының атына аударып, заңды түрде тіркетіп қоятыны жалған емес. Сөйтіп сотта «дымым жоқ» деп аузын қу шөппен сүртіп отыратындары да баршылық. Ондайда отанасы қанша зыр жүгіргенімен заңды құжаты болмағандықтан оны дәлелдей алмай әуре сарсаңға түсіп жатады. Мұндай жалғандықты болдырмауға аталмыш шарттың көмегі зор. Неке келісімшартын жасату үшін кәсіби заңгерге жүгінген жөн дейді мамандар. Ол тараптардың тілектерін құжат бетінде қалай дұрыс рәсімдеу керек екенін айтады.
Толық нұсқасын "Алаш айнасы" сайтынан қараңыз