07 ақпан 2022 09:16

Соңғы парызын өтеген жазушы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қилы заманда сағы сынбаған, бойға біткен мінезі мен айқын көзқарасынан танбаған Әбдіжәміл НҰРПЕЙІСОВ өмірден өтті. Әдебиетімізде өшпес із қалдырды. Осыдан төрт жыл бұрын Әбең жазушы бауыры Шерхан МҰРТАЗАНЫ ақтық сапарға шығарып салу рәсіміне қатысты. Жасы үлкен, таяқ ұстаған ақсақалымызға жұрт орындық ұсынғанда отырмай, ұлт дәстүріне сай тік тұрып жоқтады. Құдайы ас үстінде сөз берілгенде, ол:
"Елдің тағдыры жазушының намысына байлаулы болатынын Шерхан МҰРТАЗА көрсетті. Соңғы демі таусылғанша күресті" дегені есімізде. Бізге сонда ол қалың қаламдас ағайынға өнеге көрсетіп, тіршіліктегі жөн-жобаны аманаттағандай көрінген.

Әбең әрбір шығармасы жарыққа шыққанда ел оқырманын да, тысқары әдеби ортаны да бейжай қалдырмайтын суреткер еді. Жазушы нағыз сөз зергерінің өзі, әдебиет алыптарының көзі еді. Өзегін өртеп, жанын тербеп жазған шығармалары адамзаттың қуанышы мен қайғысын, мұраты мен мүддесін арқалай алды. Қан майданды көрген оның жүрегі мен сезімі жаһандық күрделі сынақтарды қорыта білді. Көз көргенді ой таниды. Бәлкім, өмірді осылай терең, жете түсінген адам ғана ұзақ жасайтын шығар.

Жоғары лауазым, шен, атақ-марапат іздемей-ақ, қызметтің соңына түспей-ақ, Құдай берген талантымен оқырманның ықыласына, халықтың құрметіне бөленуге болатынын дәлелдеп кетті.

Оның жазу мәнері, ой кеңістігі, байыптау әдісі өзгеше еді. Құндылықтар әлемі де шеңберге сыймайтын. Тағдырымен астасып жатқан тылсым жады - жіті, шалқар көңілі - сергек еді. Деңгейі әлемдік аядағы жазушылармен теңесетін.

Жазушы Әбді-Жамил НҰРПЕИСТІҢ (өз нұсқасы) жазғандары, шығармалары әлі талай ұрпақтың рухани сұранысын өтеп, ұлт пен жаһанның санасында, көркем дүниетанымында сақталады деп ойлаймыз.
“Исполнение долга не имеет ничего общего с личным наслаждением. У долга свой особый закон, свой особый суд, если бы ты захотел смешать долг и личное наслаждение, чтобы жить этой смесью, то долг и наслаждение сейчас же сами собою отделились бы друг от друга” депті Кант. Осы пайымның әдебиеттегі түйіні, сабақтас өсиеті - марқұм Әбдіжәміл Нұрпейісов мұрасы болып қалары сөзсіз.

Дархан МЫҢБАЙ
2022 жылғы 06 ақпан

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети