17 маусым 2014 | 16:41

Тоқал болғым келеді, тоқал болғым...

ПОДЕЛИТЬСЯ

aikarakoz.kz сурет aikarakoz.kz сурет

«Әкесін сабағанды көрген едік, бірақ арбаға байлап сабағанды кім көрген» дегендей, қазіргі таңда еркектер «тоқал алғым келеді» десе таңғалмаймыз, алайда қыз-келіншектердің «тоқал болғым келеді» деп ашық айтқанын естіп пе едіңіз? Таяуда өзім жақсы араласатын тұрмыс құрмаған құрбыммен әңгімелесіп отырғанда ол маған өзінің байсалды бір ер адамға екінші әйел болғысы келетінін айтты. Алғашында аздап тіксініп қалсам да, біраз әңгімелескеннен кейін оның жан жарасын түсінуге тырыстым. «Алаш айнасы» интернет-газетіндегі «Отбасы – ошақ қасы» айдарына Сәния құрбымның аузынан жазып алған әңгімесін ұсынуды жөн көріп отырмын.

Иконка комментария блок соц сети

Сүйіп те көрдім, күйіп те көрдім

«Бір кездері махаббат деген оттың жалыны мені де шарпыған болатын. 20 жасымда өзімнің курстасым Қуаныш деген жігітке қатты ғашық болдым. Оның да мен дегенде жаны бөлек еді. Екеуміз екі жылдай жұбымыз жазылмай бірге жүрдік. Бірақ бізге бірге болуды жазбаған екен. Тағдырдың жазуымен жолымыз екіге айырылды. Қуаныш өзінің албырттығымен менің жүрегімді жаулаған еді. Бірақ қызуқанды мінезі біздің бір-бірімізден алыстауымызға себеп болды. Екеуміз болмашы нәрсеге ренжісіп қалып, ол бір-ақ күнде өзге қызды өзінің жары етті. Менің жаралы жүрегім біраз уақытқа дейін жазылмай жүрді, Алайда «уақыт – емші» ғой, уақыт өте келе ұмытылды. Бірақ осыдан кейін ешкімді шын сүйе алмадым.

Қатарымнан қалып қойыппын

Мені көптеген замандастарым түсінбейтін шығар. Бірақ шынымды айтсам, жалғыздықтан жалықтым, шаршадым. Жасым 30-дан асқанша жалғыз қалып қалам-ау деп ойламаппын. Енді міне, жасым 33-тен асып барады, әлі тұрмыс құрмадым. Құрбыларымның көбі күйеуге шығып, бала сүйіп, әрқайсысы өзінің отбасымен өмірдің ащы-тұщысын бірге сезініп жүр. Мен болсам осы уақытқа дейін «ақбозат мінген ханзадамды» күтіп жүре беріппін. Қазір ойлап отырсам, егер сүйген жарың, бала-шағаң болмаса, оқыған оқуың да, қызыл дипломың да, табысы мол жұмысың да түкке тұрмайды екен.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасы" сайтынан оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети