16 маусым 2014 17:20

Тойыма шақырамын, қаламақыңыз қанша?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото) Нұрғиса ЕЛЕУБЕКОВ (фото)

 «Мен Қайрат Нұртасқа ғашықпын, дәлірек айтқанда оның өнеріне ғашықпын. Өзі сондай сүйкімді, тартымды, мен оның барлық әнін жатқа бәлемін. Әрине, Қайрат атақты әнші болған соң оған мен секілді ғашық қыздар көп-ақ. Менде солардың бірімін. Естуімше Қайраттың сүйген жары, балалары бар екен. Мен өзімнің сүйікті әншіме шын жүрегіммен бақыт тілеймін. Менің бір ғана арманым бар. Қайрат Нұртас менің үйлену тойымда ән шырқағанын қалаймын. Мен қазір сабақтан бос уақытымда Алматыдағы «Кәусар» мейрамханасында даяшы болып қызмет етіп жүрмін. Қайрат менің тойымда ән салу үшін осы бастан ақша жинап жатырмын», дейді «Алаш айнасына» хат жолдаған 20 жастағы Аяжан Қалауова.

Алматы қаласындағы «Тұран» колледжінде оқитын Аяжан секілді жүздеген қыз өздерінің ұзатылу, үйлену тойларында Қайрат Нұртастың ән салғанын қалайды. Сондай-ақ дәл Қайрат секілді қазақтың тойларында «Жігіттер» тобы, Бүркіт, Айқын, Заттыбек, Асан Пердеш секілді әншілер үлкен сұранысқа ие.

Дәл қазір нағыз тойлардың мезгілі. Қала, ауылдардағы мейрамханалар алдағы 3-4 айдағы демалыс күндеріне тапсырыс алып қойған. Осындайда тойдың көрігін қыздыратын шоу-бизнес өкілдерінің дәурені жүріп тұр. Осы орайда Forbes.kz. сайты отандық шоу-бизнес пен той-бизнес нарығындағы табыстар туралы деректер келтіріп отыр.

Forbes.kz. сайты жазғанындай, қазіргі таңда Қазақстандық шоу-бизнестегі жұлдыздардың рейтингі той-бизнестегі табыстарымен есептеледі. Euro Event Agency мәліметтеріне сәйкес, отандық шоу-бизнес нарығы жылына 10 млн доллар табыс түсірсе, оның 80% той-бизнестен түсетін табыс екен.

Қалған 20% “корпоративті” кештер мен концерттерге тиесілі. Сонымен шоу-бизнестегі табыстылар ондығын әнші Қайрат Нұртас бастап тұр.

Екінші орында бүкіл әлемді тәнті еткен боксшы Геннадий Головкин, үшінші орында продюсер, тележүргізуші, актриса Баян Есентаева тұр.

Одан кейінгі орындарға LIDO – әнші, модель, дизайнер; Алексей Пучков – продюсер; Дильназ Ахмадиева – әнші, ТВ жүргізуші; “FM” тобы – поп музыка тобы; Алуа Қонарова – продюсер; Айқын – әнші; “Жігіттер” – поп музыка тобы жайғасқан.

Концерттен түскен табыс 20 пайыз...

Сарапшылардың пікірінше біздің әртістер концерт өткізгенде зал толы көрермен жинауы өте сирек құбылыс. Концерт залдарына көрермендердің толуы шамамен 30-50 пайызды құрайды. Сондықтан концерттерден аса пайда түспейді. Альбомдар мен ән жинақтарының сатылымынан да әншілерге айтарлықтай тиын түспейтін көрінеді. Әртістер өздерінің әнжинақтарын негізінен имидж үшін шығарады. Сонымен орта есеппен шоу-бизнестегі табыстың 80 пайызы үйлену тойлары, туған күн, мерей тойлар және басқа да мерекелерден түседі. Алматыда қатардағы үйлену тойларының өзіне әртістерді шақыруға орта есеппен 10 мың доллар жұмсалады екен.

Материалдың жалғасын "Алаш айнасынан" оқи аласыз.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети