Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.68
EUR / KZT - 389.40
CNY / KZT - 49.85
RUB / KZT - 5.60

Air India ұшқышы кабинада экипаж командирін соққыға жықты

06 Сәуір 2015, 16:25
0
@REUTERS
@REUTERS

Air India  ұшқышы әуе кемесінің капитанын кабинетінде соққыға жықты, - деп хабарлайды The Times of India. Оқиға 5 сәуір күні Джайпур әуежайынан ұшар алдында болған.

Басылымның мәліметінше, капитанның тапсырмасы екеуінің арасындағы түсініспеушілікке себеп болған. Ол ұшқыштан арнайы картаға рейстің қауіп туралы параметрлерін толтыруды: пассажирлер санын, ұшу салмағы мен отын деректерін жазуын сұраған. Бұл тапсырма ұшқышқа ұнамай қалады. Төбелеске қарамастан, рейс жалғасып, ұшақ Делиге дейін ұшып келді. Келген кезде командир болған оқиғаны хабарлап, Мумбайдағы үйіне ұшып кетті.

"Екі адам арасында аздаған келіспеушіліктер ғана болған. Мәселе шешілді", - деп қысқа қайырды  әуе компанияның өкілдері. Айта кетейік, ұшақ командирі БАҚ өкілдеріне өзін ұрған ұшқыштың бұл міндеттерді осыған дейін орындап келгенін айтты. "Үш жыл бұрын ол рейс командирінің кабинадан шығып, иық белгісін шешуін сұраған. Кейін командирмен төбелескен. Бір жыл өткеннен кейін басқа командир оның дөрекілігіне шағымданды", - дейді командир.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай