31 тамыз 2014 11:29

Исламабадтағы қақтығыс кезінде бір адам қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Исламабадта премьер-министр Наваз Шариф орнынан кетсін деп шеруге шыққандар арасынан бір адам қаза болып, 400 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 


Исламабадта премьер-министр Наваз Шариф орнынан кетсін деп шеруге шыққандар арасынан бір адам қаза болып, 400 адам жарақат алды, - деп хабарлайды РИА Новости Франс Пресс агенттігіне сілтеме жасап. 

Исламабадтағы қақтығыс үкіметті отставкаға кетсін деп наразылық білдірушілер премьер-министрдің резиденциясын жаулап алу барысында басталды. Үкіметке қарсы шеруге шамамен 25 мыңға жуық пәкістандықтар қатысқан. Шеруге шыққандар алдындағы кедергілерді бұзып өту үшін түрлі темір заттар пайдаланған. Сондықтан да полиция қызметкерлері көз ашытатын газ бен резеңке оқтарды пайдалануға тура келген. 

Еске салайық, Пәкістанда үкіметке қарсы наразылық шаралары тамыз айының ортасында басталды. Пәкістанның "Пәкістан Техрик-е Инсаф" оппозициялық партиясының және "Минхаджул Құран" ("Құран жолы") жақтаушылары ел премьер-министрі Наваз Шарифты пара алды және сайлау қорытындысын бұрмалады деп айыптап, орнынан кетуін талап етіп отыр. Сондай-ақ шеруге шыққандар елдегі жұмыссыздар саны көбейіп кеткеніне және күн сайын электр қуатының сөніп қала беретініне наразылық білдіріп отыр.   

 

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети