Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Қытайда ер адам өзін ұшақ бортында өртеп жібермек болды

26 Шілде 2015, 13:10
0
© Еn.wikipedia.org
© Еn.wikipedia.org

Қытайда Shenzhen Airlines әуе компаниясы рейсінің жолаушысы лайнер бортында өрт шығарып, ұшақты құлатпақ болды, - деп хабарлайды BBC жергілікті ақпарат құралдарына сілтеме жасап.

Оқиға 95 жолаушысы мен экипаждың тоғыз мүшесі бар бортта елдің оңтүстігіндегі Гуанчжоу қаласында ұшақ жерге қонар кезде болды. Белгісіз ер адам сұйықтық пен оттық арқылы өрт шығармақ болған. 

Экипаж мүшелері мен басқа жолаушылар ер адамның ойын іске асырмады. Олардың екеуі жарақаттанып, ұшақ жерге қонған соң ауруханаға жеткізілді. Айта кетейік, қытайлық тасымалдаушылар басқа да әуе компаниялары сияқты ұшаққа оттық пен тез тұтанатын сұйықтық алып кіруге рұқсат етпейді. Ер адамның әуежайдан қалай өткені белгісіз.

Еске сала кетейік, Қытайда биыл ақпан айында әуе апаты болған еді. TransAsia Airways әуе компаниясының ұшағы Тайвань астанасы - Тайбэйде өзенге құлады. Апаттан екі адамның қаза тапқаны және оннан астам адамның құтқарылғаны хабарланды. Тағы да он шақты адам ұшақтың ішінде қамалып қалған. Кейбір жолаушылар ұшақтан өз бетімен шығып, жағалауға жеткен.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай