05 наурыз 2015 14:57

Өзбекстанда сотталған қазақстандық 11 азаматқа рақымшылық жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Gazeta.ru ©Gazeta.ru

Өзбекстан Сенатының "Рақымшылық туралы" қаулысына сәйкес, 2014 жылы 3135 адамға рақымшылық жасалды, - деп хабарлайды "Новый Век" республиканың ІІД жаза атқару жөніндегі бас басқармасына сілтеме жасап. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, босатылғандардың ішінде 42-сі - шетел азаматы.

ӨР ІІД өкілдерінің мәліметінше, босатылғандардың ішінде көбі Қазақстан азаматтары - 11 адам, Тәжікстаннан - 10 адам, Ресейден - 9 адам, Түркиядан - 2 адам, Қытайдан - 1 адам, Украинадан - 1 адам және басқа елдердің азаматтары бар.

Сонымен қатар, рақымшылық жасалып, босатылғандардың 14-і - 60 жастан асқан, тоғызы - мүгедек және 42-сі - әйел адам. "Бас бостандығынан айыру орындарында кәмелет жасына толмаған 60 адам бар", - деді ведомство өкілдері.

Бұған дейін Өзбекстанда 3237 адамның рақымшылықпен босатылғаны хабарланған еді. Жыл сайынғы амнистия актісіне сәйкес, бірінші рет қылмыс жасаған әйелдер, қылмыс жасаған уақытта 18 жасқа толмағандар, жасы алпыстан асқандар және шетел азаматтары босатылып отырады. Өзбекстан президентінің өкімімен рақымшылық жасау туралы шешім қабылдау құқығы республикада 2005 жылдың қаңтарында қоспалаталы парламент қызметі басталғалы бері қолданылады. Оған дейін мұндай актіні тек қана мемлекет басшысы қабылдап келді. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети