21 мамыр 2014 09:44

Шанхайда АӨСШК IV саммитті басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Xinhua ©Xinhua

"Қытайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) IV саммиті басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шанхайдан.


"Қытайда Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесінің (АӨСШК) IV саммиті басталды деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Шанхайдан.

Саммит жұмысына Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қатысады. Жиында Елбасы сөз сөйлейді деп жоспарланған. Шара қытайлық CCTV телеарнасы арқылы тікелей эфирден көрсетіледі.

Қазіргі уақытта АӨСШК-ға Түрік елі төрағалық етіп отыр, ал биыл эстафета Қытай еліне беріледі. Саммитке 40-тан аса мемлекет пен халықаралық ұйымдар қатысады. Олардың қатарында Әзірбайжан, Өзбекстан, Тәжікстана, Ресей, Қырғызстан, Ауғанстан, Монғол, Ирак және Шри-Ланка елдері бар. Күн тәртібінде Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты, аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту мәселесі қаралады.

Естеріңізге сала кетсек, АӨСШК саммитін шақыру 1992 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың ұсынысы негізінде жүзеге асқан болатын. Ұйым Азиядағы қауіпсіздік мәселелері бойынша шешім шығаратын мемлекетаралық форум мәртебесін ие болды. Сондай-ақ, АӨСШК БҰҰ Бас Ассамблеясында бақылаушы мәртебесіне ие.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети