30 наурыз 2014 18:45

Солтүстік Корея тағы да ядролық сынақтар өткізу мүмкіндігі жайлы жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото REUTERS/KCNA© Фото REUTERS/KCNA©

Солтүстік Корея басшылары тағы да ядролық сынақтар өткізулері мүмкін екендері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды AFP.


Солтүстік Корея басшылары тағы да ядролық сынақтар өткізулері мүмкін екендері туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды AFP.

Мұндай мәлімдемені ҚНДР СІМ таратты. "Біз ядролық тыйылыстағы өзіміздің күшімізді нығайту мақсатында тағы да ядролық сынақтар өткізуіміздің мүмкін екендігін жоққа шығармаймыз", - деп баяндайды аталмыш мекеменің мәлімдемесін мемлекеттік БАҚ көздері.

Бұған дейін Солтүстік Корея баллистикалық зымырандарды Жапон теңізі ауданында ұшырған болатын. Бұл БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі тарапынан айып тағумен ұласқан. Зымырандарды ұшыру БҰҰ қарарларына қайшы және аймақтағы жағдайды ушықтырып жіберуі мүмкін делінген болатын. Өз кезегінде, Пхеньян бұл зымырандар АҚШ пен Оңтүстік Кореяның ірі масштабты біріккен әскери дайындықтарына жауап ретінде ұшырылып отыр деп мәлімдеген. Бұл әрекеттер КХДР елінде қауіп-қатер ретінде қабылданған.

Жерасты ядролық сынақтар Солтүстік Кореяда 2005, 2006, 2009 және 2013 жылдары жүргізілген. Бұл әрекеттер, РИА Новости атап өткендей, халықаралық қоғам тарапынан наразылық тудырған. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Пхеньянның ядролық саладағы қызметін доғаруын және Корея түбегінің денуклеаризациясы туралы келіссөздерге оралуын талап ететін бірқатар қарарлар қабылдаған. Алайда 2013 жылы КХДР ядролық және зымырандық бағдарламаларды дамытуға жұмсап отырған шығындары әлден 3,24 миллиард доллардан асып түскендігі белгілі болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети