10 наурыз 2014 16:30

Теңізден жоғалған ұшақтың салына ұқсас зат табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Іздеу-құтқару операциясы. ©REUTERS Іздеу-құтқару операциясы. ©REUTERS

Вьетнам жағалауларынан құтқару салына ұқсас зат табылды, ол Малайзияның жоғалған ұшағынікі болуы мүмкін деген болжам бар деп хабарлайды "РИА Новости". Шетел бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, іздеу-құтқару операцияларына қатысып жатқан ұшақтардың бірінің пилоты теңізден авиалайнердің құтқару салына ұқсас сары затты көрген. Вьетнам басылымдары болса, жоғалған ұшақтың бортында мұндай салдың сегізі болғанын жазады. "Құтқару ұшағы аталған нысанға жақын келе алмағандықтан оны нақты танып, сәйкестендіру үшін құтқару қызметінің тікұшақтары жіберілді. Іздеу операциясы Вьетнамның оңтүстік жағалауынан 200 шақырымда жүріп жатыр", - деп жазады шетелдік басылымдар. Еске сала кетейік, Malaysia Airlines әуе компаниясының Куала-Лумпур - Бейжің бағытындағы ұшағы 8 наурызға қараған түні радар экрандарынан жоғалып кеткен еді. Оның бортында 239 адам болған, 12-сі - экипаж мүшесі. Жоғалған ұшақ соңғы рет Малайзияның шығыс жағалауынан 220 шақырымда болған кезде байланысқа шыққан. Ұшақты іздеуге Малайзиядан бөлек тағы 11 мемлекеттен 40 кеме мен 34 ұшақ жұмылдырылды. Бұған дейін жоғалған ұшақ жолаушыларының 154-і Қытай Халық Республикасы мен Тайваньның, 38-і Малайзияның азаматы екені хабарланды. Сонымен бірге, жеті индонезиялық, алты австралиялық, бес үндістандық, төрт франциялық, үш америкалық, екі жаңазеландиялық, екі украиналық, екі канадалық және Ресей, Италия, Нидерланды, Австриядан бір-бірден адам болған. Жолаушылардың төртеуінің ұрланған төлқұжатты пайдаланғаны туралы ақпарат тарады. Сол себепті Малайзия билігі ұшақты лаңкестердің айдап әкетуі мүмкін екенін алға тартып отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети