Түркістан облысында 15 жастағы жасөспірім үйде ересектер жоқ кезде атасының көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Түркістан облысында 15 жастағы жасөспірім үйде ересектер жоқ кезде атасының көлігін айдап кеткен, деп хабарлайды Tengri Auto Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Полиция мәліметінше, жасөспірім көлік басқарған сәтін видеоға түсіріп, TikTok-та жариялаған, оны әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде тәртіп сақшылары байқап қалған. Нәтижесінде жасөспірімнің кім екені анықталып, ол видеоға түсіп қалған достарымен бірге бөлімшеге жеткізілді.
Автокөлік айып тұрағына қойылды, ал жасөспірімнің заңды өкілі жауапкершілікке тартылды.
Пікірлерді оқу