22 маусым 2026 16:52

200 км/сағ жылдамдықпен және нөмірсіз: алматылық заңбұзушы әлеуметтік желілер арқылы табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзып, видеосын әлеуметтік желілерге жүктеген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда жол қозғалысы ережелерін бұзып, видеосын әлеуметтік желілерге жүктеген жүргізуші ұсталды, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полиция қызметкерлері Toyota автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимін өрескел бұзған видеоны анықтады. Кадрлардан автокөліктің мемлекеттік тіркеу нөмірлері тиісті орнында емес, салон ішінде болғаны да көрінеді.

Реклама
Реклама

Жүргізушінің жеке басы анықталды – көлік тізгінінде 20 жастағы алматылық болған.

"Ол көлік құралын мемлекеттік тіркеу нөмірінсіз басқарғаны, сондай-ақ арнайы сигнал беру құрылғысын заңсыз орнатқаны үшін жауапқа тартылды", - деді полициядағылар.

Пікірлерді оқу