Жаңалықтар
20 сәуір 2026 13:55

Ақмола облысында жол апатынан үш адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Ақмола облысында облыстық маңызы бар "Жолымбет-Пригородное" тасжолында көлік аударылып кетті. Жол-көлік оқиғасына қатысты өңірлік полицияның баспасөз қызметі пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жол апаты 19 сәуірде болған. Chevrolet маркалы автокөлік жолдан шығып кетіп, аударылған.

Оқиға салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Тағы бір жолаушы түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Реклама
Реклама

Жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша соталды тергеу амалдары басталды, оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады.

Полиция өкілдері жол апатының алдын алу үшін жүргізушілерге жылдамдық режимін сақтауды, әсіресе қозғалыс көп учаскелерде абай болуды және автокөліктің техникалық жағдайын қадағалап тұруды ескертеді.

Показать комментарии