Жаңалықтар
23 сәуір 2026 10:59

Ақтөбедегі әуежай маңында жүргізушілер қауіпті жарыс ұйымдастырған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Ақтөбеде әуежайға апаратын автожолда жарыс ұйымдастырған екі жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтөбеде әуежайға апаратын автожолда жарыс ұйымдастырған екі жүргізушіні анықтады, - деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция мәліметінше, бейнебақылау камераларына күндізгі уақытта BMW және Chevrolet автокөліктерінің асқан жылдамдықпен қозғалып, қауіпті маневрлер жасап, іс жүзінде көше жарысын ұйымдастырғаны тіркелген. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген.

"Жүргізушілердің жеке тұлғалары анықталды. Заң аясында жауапқа тартылды. Көліктер арнайы айып тұрағына қойылды", - делінген хабарламада.

Реклама
Реклама

Полиция департаменті жолдағы мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін және оның ауыр салдары бар екенін ескертеді.

Пікірлерді оқу