Жаңалықтар
24 сәуір 2026 14:46

Алматы - Бішкек тасжолында жеңіл көлік жүк көлігіне соғылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Әлеуметтік желілерде Toyota автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан жол апатының кадрлары пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Әлеуметтік желілерде Toyota автокөлігі мен жүк көлігі соқтығысқан жол апатының кадрлары пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Әлеуметтік желілердегі видеоға қарағанда, жеңіл автокөлік Алматы – Бішкек тасжолында "Асыл Арман" тұрғын үй кешенінің маңында жолақтарды ауыстырып келе жатқан.

Реклама
Реклама

Бір сәтте жүргізуші екінші қатардан үшінші қатарға ауысып, жол жиегінде тұрған жүк көлігінің артқы жағына соғылған.

Полицияның мәліметінше, факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат 23 сәуір күні сағат 23:55 шамасында болған. Toyota Camry көлігінің 27 жастағы жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, тұрақтап тұрған жүк көлігіне соғылды.

Toyota жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілген.

Полиция өкілдері қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын толық, жан-жақты және объективті зерттеуді қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, тергеу жалғасып жатқанын хабарлады.

Пікірлерді оқу