Алматыда Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелері қиылысында ағаш құлады. Салдарынан автокөлік зақымдалып, сымдар үзілген, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда Бөгенбай батыр мен Бегалин көшелері қиылысында ағаш құлады. Салдарынан автокөлік зақымдалып, сымдар үзілген, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Кадрларға қарағанда, тұрақта тұрған Lexus GS 300 автокөлігі зақымдалған. Басқа мәліметтер, соның ішінде зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ.
Көліктің үстіне ағаш құласа не істеу керек?
Бірінші және ең басты міндет – оқиға орнын тіркеу. Құлаған ағаш, көліктің зақымданғанын және айналадағы жағдай көрінетіндей етіп фото мен видеоға түсіріп алыңыз.
Материалдарда күні мен уақыттың болғаны абзал. Полиция келгенше көлікті орнынан қозғалтпаңыз. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері оқиға сызбасын жасап, арызды қабылдайды және хабарлама-талон береді.
Жауаптыларды анықтау
Бұған дейін бізге жол-көлік оқиғалары бойынша маман Михаил Будянский түсіндірген болатын, құлаған ағаш үшін жауапкершілік оның орналасқан жеріне байланысты:
- егер ағаш ғимараттан бес метр радиуста болса – ПИК жауап береді;
- егер одан алыс болса – бұл әкімдік пен экология басқармасының жауапкершілік аймағы.
Бұл сотқа дейінгі шағым немесе талап арыз беру кезінде маңызды.
Сақтандыру компаниясына жүгіну
Егер сізде КАСКО болса, комиссарды шақырып, мұндай жағдайдың сақтандыру төлеміне кіретін-кірмейтінін нақтылаңыз. Полис болмаған жағдайда құжаттарды жинай бастаңыз: тәуелсіз бағалаушының қорытындысы, эвакуатор, жөндеу және басқа да шығындардың шоттары.
Қауіпті ағашты алдыру үшін қайда жүгіну керек?
Ағаш немесе бұтақтардың құлау қаупі төнгенде әкімдікке арыз беруге немесе ТЖ қызметін шақыруға болады. Шұғыл жағдайларда әкімдік комиссия құрып, ағашты бюджет есебінен кесуді ұйымдастырады.
Пікірлерді оқу