Алматыдағы Бекешев көшесінде кәріз коллекторының құрылысына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматының Наурызбай ауданында Батыс кәріз коллекторының құрылысы жалғасып жатыр.
Жұмыстың кезекті кезеңі аясында 17 шілде мен 30 тамыз аралығында Бекешев көшесінің Әбілдин көшесінен Белжайлау көшесіне дейінгі бөлігінде көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылады, деп хабарлады қалалық Энергетика және сумен жабдықтау басқармасы.
Ведомство қала тұрғындары мен қонақтарынан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтауды және бағыттарын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Алматыда тағы қай көшелер жабық?
- 16-20 шілде аралығында Төле би көшесінің Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс шектелді.
- 13 шілдеден бастап "Самал-2" шағынауданындағы Снегин көшесінің Меңдіқұлов бульвары мен Достық даңғылы аралығындағы бөлігінде автокөлік қозғалысы шектелді.
- 14 шілдеден 19 шілде сағат 06:00-ге дейін Ақан Сері көшесінің Сейфуллин даңғылынан Котельников көшесіне дейінгі бөлігі толығымен жабылады.