Алматыда екі жолаушылар автобусы соқытысып қалды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда екі жолаушылар автобусы соқытысып қалды, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 12:00 шамасында Әуезов ауданында болған. Желіде оқиға орнынан түсірілген кадрлар жарияланды.
Алдын ала мәліметтер бойынша, Сүлейменов көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан №15 автобус №66 автобуспен соқтығысқан. Бұл сәтте екінші автобус қиылыста жаяу жүргіншілерді өткізіп, Жандосов көшесіне солға қарай бұрылып жатқан.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан бірнеше жолаушы медициналық көмекке жүгінді. Жарақаттардың сипаты туралы хабарланған жоқ.
Оқиғаның қосымша мән-жайы анықталып жатыр.
Показать комментарии