Полиция жол қозғалысы ережесін бұзған электрсамокат жүргізушісін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция жол қозғалысы ережесін бұзған электрсамокат жүргізушісін жауапқа тартты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, жүргізуші тәртіп сақшысының тоқтау туралы талабына бағынбай, қашуға әрекет жасаған. Алайда оны ұстап, әкімшілік жауапкершілікке тартқан.
Жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін оған 10 АЕК көлемінде, яғни 43 250 теңге айыппұл салынды.
Сонымен қатар сот оны полиция қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін кінәлі деп танып, 30 АЕК немесе 129 750 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.
Куәліксіз қай жерде жүруге болады?
Бұған дейін полиция жүргізуші куәлігі жоқ адамдар электрсамокатпен тек:
- велосипед жолымен;
- велосипед жолағымен;
- тротуармен жүре алатынын түсіндірген.
Сондай-ақ тротуарда қозғалған кезде жылдамдық сағатына 6 шақырымнан аспауы тиіс екені ескертілді.
Қай жағдайда жүргізуші куәлігі қажет?
Электрсамокат жүргізушілері жолдың оң жақ шетімен де қозғала алады.
Алайда бұл үшін:
- 18 жастан асқан болуы;
- кез келген санаттағы жүргізуші куәлігі болуы;
- қорғаныш дулыға киюі міндетті.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!
Пікірлерді оқу