Алматыда полиция қауіпті дрифт жасаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда полиция қауіпті дрифт жасаған жүргізушіні ұстады, - деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция департаменті мәліметінше, жүргізуші жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, апатты жағдай туғызған. Бейнежазбадан жүргізуші басқа көліктер мен автобустар жүріп жатқан жолдың қақ ортасында қауіпті маневрлер жасағаны көрінеді.
"Біз әлеуметтік желілердегі контент үшін жасалатын қауіпті көлік жүргізу жағдайларының жиілеп кеткенін байқап отырмыз. Мұндай әрекеттер үшін жауап беруге тура келетінін айтқым келеді", - деді Медеу аудандық Полиция басқармасы бастығының орынбасары Айдар Нағашыбеков.
Сот шешімімен жүргізуші бес тәулікке қамауға алынды, ал оның автокөлігі айып тұрағына қойылған.
Пікірлерді оқу