Жаңалықтар
12 мамыр 2026 18:00

Алматыда жолда келе жатқан көліктердің алдына ағаш құлаған сәт видеоға түсіп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Алматыда жолдың қозғалыс бөлігіне үлкен ағаш құлаған сәт автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда жолдың қозғалыс бөлігіне үлкен ағаш құлаған сәт автокөліктің бейнетіркегішіне түсіп қалды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Желіде тараған кадрлардан көліктер қиылысқа жақындап қалғанда ағаш жолға құлағаны көрінеді. Абырой болғанда ешкім зардап шеккен жоқ - ағаш көліктерге бірнеше метр жетпей құлаған. Бейнежазба авторының айтуынша, бұл жағдай 10 мамырға қараған түні Бөгенбай батыр көшесі бойында болған. Айта кетейік, осы күндері Алматыда нөсер жауын жауған еді.

Реклама
Реклама

Алайда ағаш көлденең құлап, төрт жолақты қозғалысты толығымен бөгеп тастады.

Тағы оқыңыз: Ағашқа соғылған: Ақтөбеде 18 жастағы жүргізуші ауыр жол апатына ұшырады

Пікірлерді оқу