Кеше 18:01

Алматыда жүк көліктеріне шектеулер енгізіледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда жүк көліктеріне арналған жаңа жол белгілері орнатылады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Қалада осьтік жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктері қозғалысын шектейтін жол белгілерін орнату басталды.

Шектеу күн сайын сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін Саин көшесі, әл-Фараби даңғылы, Шығыс айналма автокөлік жолы (ШААЖ) және Рысқұлов даңғылының шаршысында қолданылады.

Жарнама
Жарнама

Алматы қаласы мобильділік басқармасы мәліметінше, барлық белгілерді 24 шілдеге дейін орнату жоспарланған. 25 шілдеден бастап жаңа шектеулер өз күшіне енеді.

Фото: Алматы әкімдігі

Әкімдіктегілер бұл өзгерістер ең көп жүктелген магистральдардағы салмақты азайту, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру және экологиялық жағдайды жақсарту мақсатында енгізіліп жатқанын түсіндірді.

Жүк көлігі жүргізушілеріне жаңа шектеулерді ескере отырып, бағыттарды алдын ала таңдау және орнатылған жол белгілеріне назар аудару ұсынылады.

Пікірлерді оқу