24 маусым 2026 16:33

Алматыда көшелерден көліктер жаппай әкетіліп жатыр: полиция тұраққа қою ережелерін еске салды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бейнеден алынған кадрлар

Алматыда көлік тұрағы ережелерін бұзу деректері бойынша рейдтер жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда көлік тұрағы ережелерін бұзу деректері бойынша рейдтер жалғасып жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Қаладағы кезекті рейд Алмалы ауданында өтті. Тексеруге эвакуаторлар да тартылған. Полиция мәліметінше, рейдтің алғашқы сағаттарында-ақ тоқтау және көлікті тұраққа қою ережелерін бұзған шамамен 50 жағдай анықталған.

Реклама
Реклама

Мамандандырылған айып тұрағына 28 автокөлік жөнелтілді. Тәртіпбұзушыларды анықтау жұмыстары жалғасып жатыр.

Полиция тұрақ ережелерін бұзбауға және автокөлікті рұқсат етілмеген жерлерге қалдырмауға шақырады. Көлік құралдарына бақылау бұдан былай тек күшейтіле бермек.

Еске салайық, рейдтер тұрғын үй кешендерінің аулаларында да өтіп жатыр, бұған дейін бейберекет қойылған көліктердің айыптұрағына апарылатыны туралы жазған едік.

Пікірлерді оқу