Тұрақты түрде жүргізілетін тексеріс пен қатаң жазаға қарамастан, Алматыда көлікті мас күйде жүргізу деректері күн сайын тіркеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Полиция мәліметінше, жыл басынан бері қалада көлікті мас күйде жүргізудің 1 319 дерегі анықталды. Барлық құқықбұзушы көлік жүргізу құқығынан айырылып, әкімшілік қамауға алынды.
Полиция өкілдері тоқтатылған әрбір мас жүргізуші - бұл ауыр салдарға әкеп соғуы мүмкін жол апатының алдын алу екенін баса айтады.
Мұндай құқықбұзушылықты анықтау жұмыстары тәулік бойы жүргізіледі. Полицейлер қала көшелерінде ішімдік ішіп рөлге отыратын жүргізушілерді анықтау мақсатында рейд мен тексерісті жалғастырып жатыр.
Алматыда қанша жол апаты болды?
Еске салсақ, жыл басынан бері Алматы жолдарында 3 035 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан 3 452 адам жарақат алып, тағы 73 адам қаза тапты.
Ең көп жол апаты Алмалы ауданында болған — 501 жағдай.
Екінші орында 473 жол апаты тіркелген Алатау ауданы тұр.
"Антилидерлер" үштігін 456 жол-көлік оқиғасы тіркелген Бостандық ауданы түйіндейді.
Бұған дейін тұрақта дрифт жасаған алматылық көлігінен айырылғаны хабарланған болатын.
Тағы оқыңыз: Алматы мен Астанада жол апаты неге көбейіп барады: сарапшы пікір білдірді
Пікірлерді оқу