20 маусым 2026 15:46

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрациялық фото: depositphotos.com

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Мәліметтерді қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде қозғалыс уақытша шектеледі. Мәліметтерді қала әкімдігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Мегаполисте ЛРТ (LRT) жобасын іске асыру аясында Төле би көшесінде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілетіні нақтыланды.

"20 маусым сағат 22:00-ден бастап Сайын көшесінен Отар көшесіне дейінгі учаскеде көліктер үшін шығыс бағытта қозғалыс уақытша шектеледі. Көлік өткелін қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында кері бағыттағы қозғалыс ұйымдастырылады", - деп хабарлады әкімдіктен.

Реклама
Реклама

Сурет: Алматы әкімдігі

Инженерлік желілерді көшіру жұмыстары 25 маусымға дейін жүргізілетіні хабарланды.

Сонымен қатар, 25-30 маусым аралығында осыған ұқсас жұмыстар қарама-қарсы бетте жүргізіледі, бұл кезеңде кері бағыттағы қозғалыс Төле би көшесінің оңтүстік жағында ұйымдастырылады.

Жүргізушілерге жүру бағытын алдын ала жоспарлап, уақытша жол белгілерінің талаптарын сақтау ұсынылады.

Алматыдағы LRT

2026 жылғы қаңтарда LRT-ның бірінші кезеңінің бағыты бекітілгені хабарланды.

Сол кезде бірінші кезеңнің ұзындығы 18,3 шақырым болатыны және мегаполистің мына нүктелері арқылы жүретіні айтылған:

  • Төле би көшесі бойымен шығыс бағытта Абылай хан даңғылына дейін,
  • Абылай хан даңғылы бойымен солтүстік бағытта Райымбек даңғылына дейін,
  • Бауыржан Момышұлы көшесі бойымен – Төле биден Алатау ауданындағы Индустриялық аймаққа дейін.

Құрылысты 2027 жылдың екінші тоқсанында басталып, 2029 жылдың үшінші тоқсанында аяқтау жоспарланған.

Пікірлерді оқу