17 шілде 2026 18:42

Алматыда Төле би көшесінің тағы бір учаскесінде қозғалыс бір тәулікке шектеледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Елена Никитенко

Алматыда Төле би көшесінің Тілендиев пен Брусиловский көшелері аралығында көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.

Қалалық қызметтер мәліметінше, жол 2026 жылы 18 шілде сағат 20:00-ден 19 шілде сағат 13:00-ге дейін жабылады. Шектеу инженерлік желілерде жоспарлы жұмыстардың жүргізілуіне байланысты енгізіліп отыр.

Жарнама
Жарнама

Жүргізушілерден жүретін бағытын алдын ала жоспарлап, енгізілетін шектеуді ескеру және уақытша жол белгілері талаптарын сақтау сұралады.

Төле би көшесінің тағы қандай бөліктері жабық

  • 16–18 шілде аралығында – Өтеген батыр көшесінен Вилюйская көшесіне дейінгі бөлігі шығыс бағытта жабық. Көлік қатынасын қамтамасыз ету үшін Төле би көшесінің солтүстік жағында реверсивті қозғалыс ұйымдастырылды.
  • 14 шілде мен 25 тамыз аралығында Әшімов көшесінен Алатау көшесіне дейінгі бөлігінде қозғалыс тоқтатылды. Көліктердің айналып өтуі Сәбденов көшесі арқылы жүзеге асырылады.
Пікірлерді оқу