Жаңалықтар
05 маусым 2026 16:36

Алматыда төмен шығарындылар аймағына белгілер қойылады: жүргізушілер нені білуі керек?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда төмен шығарындылар аймағына арнайы тақтайшалар орнатыла бастады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыда төмен шығарындылар аймағына арнайы тақтайшалар орнатыла бастады, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жаңа белгілер Бөгенбай батыр – Желтоқсан – Абай – Достық көшелері шаршысында пайда болады.

Фото: Алматы әкімдігі

Реклама
Реклама

Қалада барлығы 134 жол белгісі мен ақпараттық тақтайша орнатылады:

  • 5.50 - төмен шығарындылар аймағына кіру;
  • 5.51 - аймақтан шығу;
  • сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға арналған ақпараттық таблолар.

Фото: Алматы әкімдігі

Еске салайық, LEZ (төмен шығарындылар аймағы) пилоттық кезеңі 28 сәуірде басталды және 2026 жылдың 31 желтоқсанына дейін жалғасады. Бұл кезеңде жүргізушілердің қозғалысына шектеу қойылмайды, олардан ақы алынбайды және айыппұл салынбайды.

Пилоттық кезең цифрлық инфрақұрылымды сынау және көлік ағынын есепке алу жүйелерін баптау үшін өткізіліп жатыр.

Тағы оқыңыз: Алматыда жүргізушілер төмен шығарындылар аймағына кіргенде хабарлама алады

Пікірлерді оқу