Жаңалықтар
12 маусым 2026 10:49

Алматыдағы Жароков көшесі ішінара жабылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:depositphotos.com

Алматыдағы ірі көшелердің бірінде газ құбырын қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Алматыдағы ірі көшелердің бірінде газ құбырын қайта жаңарту жұмыстарына байланысты қозғалыс уақытша шектеледі, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жұмыстар Жароков көшесінің шығыс жағында, Қарасай батыр көшесінен Мыңбаев көшесіне дейінгі аралықта жүргізіледі.

Реклама
Реклама

Жоба аясында 1,9 шақырымға жуық газ құбырын жаңарту жоспарланған. Жұмыс жүргізу кезінде аталған учаскеде қозғалыс шектеледі, сондықтан жүргізушілерге жол бағытын алдын ала жоспарлап, туындауы мүмкін қиындықтарды ескеру ұсынылады.

Бұған дейін газ құбырын ауыстыруға байланысты Әл-Фараби даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектелетінін хабарлаған едік.

Пікірлерді оқу