Желіде Құлжа тасжолында болған ірі жол апатының кадрлары пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Желіде Құлжа тасжолында болған ірі жол апатының кадрлары пайда болды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Бейнежазбаға қарағанда, бір мезетте бес автокөлік соқтығысқан. Полиция мәліметінше, жол апатына себеп болған жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін Mitsubishi жүргізушісі жауапкершілікке тартылды.
Ескерту: видеода бейәдеп сөздер айтылады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, апат Алматы – Көкпек – Көктал тас жолының 32-шақырымында болған. Mitsubishi жүргізушісі Toyota Carina E көлігіне соғылған.
Соққыдан кейін Toyota Volkswagen-ге соғылып, кейін Toyota Camry мен Audi көліктері де зақымдалған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан тек автокөліктерге материалдық зақым келді, жүргізушілер мен жолаушылар арасында зардап шеккендер жоқ.
Тағы оқыңыз: Алматыда жаңбырдан кейін көліктер “жүзіп“ жүр: су басқан көшелер тізімі
Показать комментарии