20 маусымнан бастап Алматыда Саин көшесінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ іске қосылады. Жаңашылдық Рысқұлов даңғылынан Мұстафин көшесіне дейінгі учаскеде пилоттық режимде жұмыс істейді. Бұл туралы қалалық Жол қозғалысын ұйымдастыру және жолаушылар көлігі басқармасы хабарлады, деп жазады Tengri Auto.

Жобаны іске қосуға дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Жол қызметтері арнайы сары таңбаларды сызып, тиісті жол белгілерін орнатуға кірісті. Барлық жұмысты 19 маусымға дейін аяқтау жоспарланған.
Алматы әкімдігінің хабарлауынша, арнайы жолақ қоғамдық көлік қозғалысын жеделдетіп, көлік ағынын ретке келтіруге және қаланың ең көп жүктеме түсетін учаскелерінің бірінде қауіпсіздікті арттыруға тиіс.
Жаңа қозғалыс сызбасының арқасында "автобустар тұрақты әрі айтарлықтай кешігусіз жүре алады" деп күтіледі. Сонымен қатар арнайы жолақ кептелістің қоғамдық көлік жұмысына әсерін азайтуға септігін тигізуі керек.
Басқармадағылар пилоттық жоба арнайы жолақтың жол жағдайына қалай әсер ететінін бағалауға мүмкіндік беретінін хабарлады. Қажет болған жағдайда қозғалысты ұйымдастыру сызбасына түзетулер енгізіледі.
Жүргізушілерден жаңа жол белгілері мен таңбаларына назар аударуды, жол қозғалысы ережелерінің талаптарын сақтауды және бағыт таңдау кезінде өзгерістерді ескеруді сұрайды.
Пікірлерді оқу