Алматыда көлік салығын өндіру бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Алматыда көлік салығын өндіру бойынша бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengri Auto Мемлекеттік кірістер департаментіне сілтеме жасап.
Департамент мәлімдетінше, "Борышкер" жедел-профилактикалық іс-шарасы полиция және жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасымен бірлесіп жүргізіліп жатыр.
Бұл жұмыс қала әкімінің көлеңкелі экономика үлесін азайту және бюджет түсімдерінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар жоспары аясында қолға алынған.
Рейд барысында жеке сот орындаушыларының қаулысы шыққан борышкерлердің көліктері "Сергек" камералары арқылы анықталып, берешек толық өтелгенге дейін айыппұл тұрағына қойылады.
Бүгінде Алматыда көлік салығы бойынша берешек 7 миллиард теңгеден асады - бұл 85 024 салық төлеушіге қатысты деректер.
Бұл ретте қарыздың негізгі бөлігі қозғалтқыш көлемі 4000 текше сантиметрден асатын ірі көліктерге тиесілі болып отыр.
Алматы бойынша МКД көлік иелерін темір тұлпарларының айыппұл тұрағына жөнелтілуіне және сот орындаушыларының қызметі үшін қосымша шығындарға жол бермеу үшін салық қарызын тезірек өтеуге шақырады.
Пікірлерді оқу