Алматыда Сайын көшесін ұзарту жұмыстарына байланысты Алатау ауданындағы Шәріпов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Алматыда Сайын көшесін ұзарту жұмыстарына байланысты Алатау ауданындағы Шәріпов көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі, деп хабарлайды Tengri Auto.
Қалалық әкімдіктің мәліметінше, шектеу 30 мамыр сағат 08:00-ден 5 маусым сағат 08:00-ге дейін енгізіледі. Осы аралықта Жанділдин көшесінен Әлмерек Абыз көшесіне дейінгі учаске көлік қозғалысы үшін жабылады.
Шығыс бағытқа жүретін көліктер Шұғыла көшесі арқылы, одан әрі Байтанов, Майкоп, Ахрименко көшелері мен Райымбек даңғылы арқылы айналып өте алады. Ал батыс бағыттағы қозғалыс Шәріпов көшесі арқылы ұйымдастырылады.
Жұмыс жүргізілетін аумақта ескерту белгілері қойылып, мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.
Әкімдік жүргізушілерден уақытша шектеулерді ескеріп, жол бағытын алдын ала жоспарлауды сұрады.
Бұған дейін Алматыда Дәулеткерей көшесінде де көлік қозғалысы шектелетіні хабарланған еді. Онда асфальттың жоғарғы қабатын төсеу жұмыстарына байланысты 30 мамыр сағат 06:00-ден 1 маусым сағат 06:00-ге дейін Жандосов көшесінен Әбілдин көшесіне дейінгі аралық жабылады.
Пікірлерді оқу