Астана – Павлодар ақылы автобанында ыстықтан жолдың бір бөлігінде бетон көтеріліп кетті, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі.
Астана – Павлодар ақылы автобанында ыстықтан жолдың бір бөлігінде бетон көтеріліп кетті, деп хабарлайды Tengri Auto тілшісі.
Жүргізушілер әлеуметтік желілерде республикалық маңызы бар ақылы трассаның зақымдалған учаскесі түсірілген видеоны бөлісіп, қауіп туралы бір-біріне ескертіп жатыр.
Кадрлардан автобан жолақтарының бірінде бетон көтеріліп, жол төсемінің жоғарғы қабатын бүлдіргенін көруге болады. Жолдың деформациялануына байланысты автокөлік жүргізушілеріне қауіпті учаскені жол жиегімен айналып өтуге тура келіп жатыр. "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ жағдайға қатысты пікір білдірді.
Ұлттық компанияның мәліметінше, 1 маусымда сағат 13:30 шамасында кезекті патрульдеу кезінде KAZ04 "Астана – Павлодар" автомобиль жолының Павлодар – Астана бағыты бойынша 1356 шақырым учаскесінде цементбетон жабынының көтерілуі анықталды.
"Алдын ала мәліметтер бойынша, ақаудың пайда болуына ауа температурасының +35…+37С-қа дейін күрт көтерілуі себеп болған. Мұндай жағдайда бетон плиталары температуралық кеңейіп, жабын ішінде ішкі кернеулердің пайда болуына және соның салдарынан жол жабынының көтерілуіне әкелуі мүмкін", - деп хабарлады ұлттық компания.
Ақау анықталғаннан кейін учаскеде дереу уақытша жол белгілері орнатылып, "КАЖсервис" ЖШС Павлодар облыстық филиалының мамандары ақауды жою жұмыстарына кірісті.
"Қазіргі уақытта бүлінген цементбетон жабынын бөлшектеу және көлік қозғалысының қауіпсіздігін қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр", - деп мәлімдеді "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ өкілдері.
Сондай-ақ компания күннің күрт ысуына байланысты автобандағы жол төсемінің жай-күйіне мониторинг күшейтілгенін хабарлады.
Жоспарлы аралау кезінде мамандар цемент-бетон плиталарының ісінуіне әкеп соғуы мүмкін тағы екі қауіпті нүктені анықтады.
Пікірлерді оқу"Ақаулардың алдын алу мақсатында 31 мамырдан бастап аталған нүктелерде жедел профилактикалық жұмыстар басталып, қазіргі уақытта жалғасып жатыр", - деп хабарлады ұлттық компания.